43
Айтыңдаршы кім керек?
Оған екінші топ:
Айгөлек, Айгөлек
Айдың жүзі дөңгелек
Айгөлек деп ән шырқап,
Би билейміз дөңгелеп.
Сіздің топтан біздерге
(Бір ойыншының атын атайды)
деген керек, деп жауап береді.
Аты аталған ойыншы жүгіріп келіп, екпінмен, қол ұстасып
тұрғандардың тізбегін бұзып өтуі тиіс. Егер бұзып өте алса,
жұбы үзілген балалардың бірін жаңағы ойыншы өз тобына
ертіп кетеді. Ал бұза алмаса, сол топтың құрамына кіреді.
Ойын соңында
қай топта көп адам болса, сол топ жеңген
болып табылады.
Көкпар
Көкпар-атқа мінген жігіттердің қатысуымен өтетін
ойын. Ойынды бастау үшін,
көкпаршылар белгіленген
сызықтың бойын қатар түзеп тұрады. Сызықтан 40-50
адымдай жерге көкпар тасталынады. Әдетте көкпар тартуға
бауыздалған лақ немесе серке беріледі. Берілген белгіден
кейін көкпаршылар шаба жөнеледі. Жерде жатқан көкпарға
бірінші жеткен шабандоз көкпарды іліп алып қашады,
қалған
көкпаршылар
қуып
жетіп,
тартып
алуға
әрекеттенеді. Ойын белгіленген көмбеге жеткенше осылай
жалғаса береді. Кім
бұрын көкпарды көмбеге әкелсе, сол
жеңімпаз атанып, көкпарды өзінде қалдырады.
Егер ойыншылар екі ауыл немесе топ болып
бөлініп ойнаса, көмбеге алғаш жеткен көкпаршының тобы
жеңіске жеткен болып есептеледі. Мұндай ойынды «Мәре
көкпар» деп атайды. Көкпар шамалы өзгертілген түрінде әр
44
жерде өзінше жүргізілуі мүмкін. Қай жерлерде күн батып,
қараңғы түскенше көкпар тарту – ойынның шарты болып
саналады.
Достарыңызбен бөлісу: