Сабақ Қазақ тіліндегі сөздерді әдеби тілдің Қатысына қарай топтастыру мәселесі


СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАСЫ 3 ТОПҚА БӨЛІНЕДІ



бет2/3
Дата01.10.2023
өлшемі1,87 Mb.
#112141
түріСабақ
1   2   3
СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАСЫ 3 ТОПҚА БӨЛІНЕДІ
ТҰРМЫСТЫҚ - ҚАРАПАЙЫМ
ЛЕКСИКА
1
ВАРВАРИЗМДЕР
ӘДЕБИ – СӨЙЛЕСУ ЛЕКСИКАСЫ
2
3
ТҰРМЫСТЫҚ – ҚАРАПАЙЫМ ЛЕКСИКА
КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕ , ТҰРМЫСТЫҚ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАСТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ХАЛЫҚҚА
БЕЛГІЛІ , СӨЙЛЕУ
ТІЛІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ СӨЗДЕР ЖАТАДЫ. ТҰРМЫСТЫҚ – ҚАРАПАЙМ СӨЗДЕРДІҢ ІШІНДЕ БІР НӘРСЕНІҢ БАҒАСЫН КЕМІТУ , ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ МАҚСАТЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН , СТИЛИСТИКАЛЫҚ БОЯУЫ БАР СӨЗДЕР , ДӨРЕКІ , ТҰРПАЙЫ МӘНДІ СӨЗДЕР КӨП КЕЗДЕСЕДІ.
«Дүйсенбайдың баласы да Бибажарға тең емес, бір қортық көрінеді»
Қарны қабақтай , бұты таяқтай
Қазіргі түсінік бойынша — аласа бойлы, тапалтақ дегенге меңзейді.
Адамды кемсіту мағынасында қолданылатын сөздер .
Атың өшкір , пышаққа іліңгір
Қарғыс мағынасында қолданылатын сөздер .
Сөйлеу тілі лексикасының бір тармағы - варваризмдер
Варваризм – белгілі бір тілдің қалыптасқан нормаларына кіріспейтін, ондағы сөзжасам, сөз түрлендіру, сөз тіркестіру заңдарына сәйкеспейтін, зәрушілігі шамалы бөтен тілдің сөздері мен сөз қолданыстары
Папам звонить етті. Мен оған сені Алматыға қалдырура бір шишкамен сөйлес десем, оказывается сен өзің колхозға барамын депсің ғой?! 
неміс халкының өмірін суреттегенде фрау, кухен6 кай-зер сияқты сөздерді, ағылшын өмірін суреттегенде сэр, мистер, коттедж 
генадушка, немношка, не стоит, на свете жить етуге, молодушка
Барымта мен партия
Бәрі мастық, жұрт құмар
Сыпыра елірме, сұрқия.
Қөп пияншік нені ұғар (Абай).
Ауызша әдеби сөйлеу лексикасы
Біріншіден, қаншама мәдениетті сөйлегеннің өзінде ауызша тілге тән ерекшеліктер ( адамның бет,қол қимылының араласып отыруы, екпін, интонацияның құбылып отыруы, үзіліс, кідіріс, пауза жасалып отыруы) қалайда қатысып отырады. Бұлар жазба тілде тыныс белгілер арқылы көрсетіліп отырады.
Үшіншіден, ауызша сөйлегенде сөздердің орын тәртібі жазба тілдегідей қатаң сақтала бермейді. Баяндауышты бастауыштан бұрын, анықтауышты анықтайтын сөзінен кейін т.б келе беруі мүмкін. Сөйлемнің толық айтылмай қысқарып, ықшамдалып толымсыз түрде айтылуы кездеседі. Мысалы, Аман ба ағайын ,туыс? Ауданға келіп жатыр тексерулер. Көрші, көрмедің бе біздің ала сиырды?
Екіншіден, ауызша әдеби сөйлеуде жазба әдеби тілде көп кездесетін абстракт сөздер мен арнаулы терминдер аз қолданылады. Сөйлеуші өз сөзін тыңдаушыға тым күрделендірмей, түсінікті жеткізуге тырысады. Кейбір қарапайым-тұрмыстық сөздер орын алады. Мысалы, лағып кету, тәйірі, бәсе, бықсық, қитұрқы, т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет