Е, ол маған да кездесті. Жан-жануар болып жаралғанның сұлуы екен.
«Шының ба? Нағып?» – дегендей Ұлпанның аз ғана күлімдеген көздері жарқ етіп, Мүсірепке қарай тағы бір серпіліп қалды. (Ғ.Мүсірепов)
Бала деген қорқар болар еді. Ес бар ма өзіңде, пәруәрдігер, - деп Байтас бабын таба алмай басын шайқайды.
Қап, мынаның баласы!... Мен бөрінің бөлтірігімін деп келеді-ау. Қой, не де болса да қалмайық енді, - деп шаба жөнелді (М.Әуезов)
Ауызекі сөйлеу тіліне тән диолог түрінде құрылған. «Е, Қап, Нағып, Пәруәрдіген, Қой» Кітаби лексиканың түрлері Қазақ тіліндегі кітаби лексика тарихи және қазіргі тұрғыдан екі салаға бөлінеді Ескі дәуірдегі кітаби лексика Бұрынғы дәуірдегі жазба мұралардың тілі,соларға тән жазу дәстүрі ескі кітаби тіл деп,ал сол нұсқаларда қолданылған түркі тілдеріне ортақ сөздер ескі дәуірдегі кітаби лексика деп аталады.
Мысалы:қаған(хан),йок(жоқ),оғлы(ұлы),теңрі(тәңірі),будун(халық),улуг(ұлы,үлкен),йашыл(жасыл),алтымыш(алпыс) Түркі халықтарының жазба ескерткіштерінде кездесетін кітаби лексика мынандай тұлғаларда ұшырасады. Қазіргі кітаби лексика Мысалы:кітаби тілдегі раст,дост,дұрыст деп жазылған сөздер жаңа жазба әдеби тілімізге соғңы түйіні түсіріліп,рас,дос,дұрыс күйінде қабылданды. Мысалы:дипломатикалық құжаттарда сенім грамотасы,елшілік,миссия,төтенше және өкілетті елші, ресми сапар,кезекті кездесу т.б.сөздер үнемі қолданылып отырады. Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолдану орнына қарай әр түрлі аталады.Мысалы:адам деген сөз ресми құжаттарда-азамат,жолдас,шаштаразда-клиент,ауруғанада-науқас,транспортта-жолаушы болып айтылады. Қазіргі кітаби лексика-бұған сөйлеу тілінің тұрмыстық-қарапайым лексикасынан,диалектизмдерден басқа, әдеби пормалық белгілердің қатаң сақталуын талап ететін публицтикалық,ғылыми және ресми құжаттар стильдерінде,көрккем әдебиет тілінде қолданылатын сөздер жатады. Мысалы,тек соңғы жылдардағы нарықтық реформа жағдайында:әлеуметті атқарушы өкімет,экономикада қалыпты реформа жасау,жұрттың өмір статусы,жекешелендіру,қатынас,нарық экономикасы т.б. сөздер қолданысқа енді.