Сабақ барысында сауат ашуға байланысты аса қажетті педагогикалық талаптар мұқият орындалуы тиіс. Ондай талаптардың негізгілері мыналар


 Әңгімеде қолданылатын әдіс- тәсілдер



бет5/6
Дата20.12.2023
өлшемі30,48 Kb.
#141662
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
21. Әңгімеде қолданылатын әдіс- тәсілдер.
Әңгімелесу- ол оқытудың диалогтік әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластыратын сұрақтар жүйесін беру арқылы біртіндеп оларды жаңа материалды түсінуге әкеледі немесе бұрын оқылғандарды түсінген , түсінбегендерін тексереді.
Әңгімелесу әдісін кейде сұрақ-жауап әдісі деп те атайды.Ғылымда әңгімелесу әдісінің үш түрі көрсетіп жүр: Хабарлау әңгімелесу,Эвристикалық әңгімелесу,Жаңғырту әңгімелесу
Әңгіме әдісі:
-Әңгіме оқушылардың адамгершілігіне көмектесу керек
-Әңгімеде ғана дәлелді және ғылыми тұрғыдан тексерілген фактілер болу керек
-Әңгіме нақты жүйелі болуы керек
23. Оқудың маңызы мен мақсаты және түрлері 


Оқыту үрдісі — оқушыға білім, тәрбие берудің және оны дамытудың мақсаттары шешілетін мақсатты бағытталған, бірізді өзгеріп отыратын мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі.
Оқыту — қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту -қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тежірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндетгерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі — өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері (кесте 1 қараңыз).
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатка ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:
— білім беру — бұл мақсат окушылардың танымдык іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
— тәрбиелеу — әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқытудың мақсаты — дамытудың қоғамдық — тарих тәжірибесінің жан — жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымның, техникалық, сондай-ақ өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына сәйкес кетеді.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және окыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педегогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретіңде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін «қызмет» ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипатгайды
Оқытудың әлеуметтік, педаготикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі — оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Оқытудың екінші қызметі — оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тербиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыу қызметі атқарылады (дамыту қызметі).
Адамның дамуы — бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың кәсіби бағдарлау қызметінің де мәні зор.
Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық қарым-қатынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалык әс-әрекетке дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креативтілік қызметі тұлғаның жан-жақтылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқьпу процесі — түрлі реттегі және деңгейдегі заңдар мен зандылықтар арнайы айқындалатын зандылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективті, мәнді қажетті, жалпы, тұрақты және белгілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды бейнелейді. Феномен мәнінің қатаң түрде айқындалған ерекшеліктсрі — зандарды құрайды.
Оқыту процесінің заңдылықтары:
Оқушының білімге деген ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниені тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай жасайды, мұғалімнің балаға өмірде қажет болатын, оларды қызықтыратын білімді берудегі белсенді ыкыласын қажет етеді.
Оқушьшардың жеке жөне ұжымдық іс-әрекеттеріне оқытушының әсерінің сәйкес болу зандылығы. Бұл заңдылык мұғалімнің, оқыту процесінде баланың айналысатын іс-әрекеттерінің әрбір түрінің оның қандай қасиетін талап етіп, сонымен бірге оны дамытып отыратынын түсінуіне мүмкіндік жасайды.
Оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне оқыту әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық мұғалімдерден оқушылардың ерекшелігі контингенттерін, олардың жеке және әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін, сабақтың және сабақтан тыс уақыттағы қызығушылықтары мен мінез — құлықтарын ескеруді және оқу -тәрбие әсерінің балалардың жеке және топтық ерекшеліктеріне, олардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілуді қадағалауды талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет