Сабақ барысында сауат ашуға байланысты аса қажетті педагогикалық талаптар мұқият орындалуы тиіс. Ондай талаптардың негізгілері мыналар


 Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшеліктеріне қарай қолданылатын әдіс-тәсілдер



бет4/6
Дата20.12.2023
өлшемі30,48 Kb.
#141662
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
19. Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшеліктеріне қарай қолданылатын әдіс-тәсілдер.

Әңгіме әдісі немесе сұрақ- жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, балалар өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа адаруды қамтамасыз етеді. Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде балалардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны балалар өздері шешуге тиіс. Мысалы,оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, cоның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы қайда сұрағына жауап беретін әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді, мәселен, қалада, далада, мектепте, балабақшада т.б.) жауап беретін бірнеше сөздерді табулары керек.
Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға балалардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде тіл құбылыстарын жеке жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады. Ал, екінші жағдайда анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң нақты материалға қолдануды ұсынады, өздеріне мысал келтіреді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады. 
Қандай әдіс болмасын әртүрлі құралдар арқылы іске асады. Мұндай жолмен құралдар: оқулық, сөздік схема, картина, таблица, кинофильм, диафильм, радио, магнитафон, т.б. бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай кез келген әдісте қолданыла береді.
20.  САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҮЙРЕНЕТІН ШЕБЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ШЕҢБЕРІ

Сауат ашу кезеңінде балалардың бойында мынадай шеберлік қалыптасуға тиіс: 

1) дыбыстарды орын-орнына қойып сөз құрастыру

2) кеспе әліппе әріптерінен сөз құрау және жазу; 

3) сөздердегі жуандық белгі (ъ) және жіңішкелік белгілердің, (ь) айырмашылығын ұғу; 

4) қандай да болмасын тіркесіп келген дыбыстардан
құралған сөздерді оқи алу; 

5) әліппедегі мәтіндерді екінші рет оқығанда тыныс белгілерін сақтап оқи алу; 

6) қарапайым мәтіндерді мұғалімнің сұрағы бойынша айтып
беру; 
7) қысқа өлеңдерді жатқа айта алу


8) заттар туралы елеске сүйене отырып, қарапайым логикалық
жаттығуларды орындай алу;

Сауат ашу кезеңінде балаларда мынадай дағдылар қалыптасады: 

1) сөзді буындап және тұтас сөздерді дұрыс оқу; 

2) көлемі шағын мәтіндерді саналы, түсініп оқу;

3) айтылуы мен жазылуы бірдей, кейбір сөздерді жазу;
4) жазған сөздерін тексеріп отыру;


5) әріптерді бір-бірімен жалғап жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет