Сабақ беретін сыныбында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқыта алды



Дата29.01.2023
өлшемі32,78 Kb.
#63555
түріСабақ
Байланысты:
Төлебай Айдана мінездеме


№1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық-педагогтік колледжінің
«Бастауыш білім беру мұғалімі»мамандығының
41 «Б»топ білім алушысы
Төлебай Айданаға

Мінездеме
Алматы қаласы,Бостандық ауданы,№146 мектеп-лицейінде 16.01.2023ж- 28.01.2023ж.аралығында Төлебай Айдана Еркеұланқызы 3 «Е» сыныбында «Бастауыш мектептегі шетел тілі» тақырыбы бойынша «Байқау практикасы» тәжірибесінен өтті.
Төлебай Айдана сабаққа мұқият дайындалып,оқу үдерісінде ақпараттық технологиялар мен көрнекі материалдарды қолданды.Тапсырмаларды орындау кезінде қызығушылық пен белсенділік танытып,қойылған талаптарды уақытылы және шебер орындай алды.
Алғашқы апта бойынша сабаққа қатысып,шетел тілі пәні бойынша сабақ жүргізді.Сабаққа белсенді дайындықпен келіп,оқушылардың танымдық қызығушылықтарын жан-жақты аша білді.24.01.2023ж.бойынша «Мy day»тақырыбында және 27.01.2023ж.бойынша «My music»тақырыбында сабақты ұйымдастырып,оқушылардың көңілінен шыға білді.Тақырыптардың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалармен жүйелендіріп,сабақтың мақсаты бойынша жоғары деңгейде жүргізе білді.
Төлебай Айдана өзін жақсы қырынан көрсете білді.Сабақ беретін сыныбында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқыта алды. Мектепте өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілігімен ерекшеленеді. Өз ісіне ұқыпты.Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді. Төлебай Айдана практика барысында мектепке үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Әрбір сабағы жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды.Төлебай Айдана болашақта білімді де білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азамат болатынына сенемін.
Бағасы:5(өте жақсы)
Мектеп директоры: Нурадинов Н.М
Шетел тілі мұғалімі: Ырысбек М.Ы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет