Люминесценция механизмі Енді люминесценцияның кей түрлерінің пайда болу механизімін талдайық. Фотолюминесценция құбылысы жиілігі n жарықтың фотондарының зат атомдарын немесе молекулаларын қоздыру нәтижесінде байқалады. Нәтижесінде, зат атомы қозбаған негізгі энергетикалық 1 күйден, қозған 2 күйге көшеді, ары қарай процесс 3 түрлі жолмен жүруі мүмкін.
Қозған күйдегі атом немесе молекула жиілігі жұтқан жарық жиілігіне nл = n фотон шығарып бұрыңғы негізгі күйге қайта келеді. Мұндай люминесценция резонанстық деп аталады (1а - сурет).
Қозған күйдегі атом немесе молекула өзін қоршаған орта атомдары немесе молекулаларымен әрекеттесіп, сәуле шығармай төмен жатқан қозған күйдегі 2/ энергетикалық деңгейге орын ауыстырады. Онан соң, ол жиілігі төмен nл < n фотон шығарып негізгі күйге көшеді. Мұндай люминесценция стокстық деп аталады ( 1б-сурет).
Қозған күйдегі атом немесе молекула өзін қоршаған орта атомдары немесе молекулаларымен әрекеттесіп, жоғары энергетикалық деңгейде жатқан 3/ қозған жаңа күйге орын ауыстырады. Онан соң, ол жиілігі жоғары nл > n фотон шығарып негізгі күйге көшеді. Мұндай люминесценция антистокстық деп аталады ( 1в-сурет).
Стокс ережесі Фотолюминесценция процессінде жұтылған жарық энергиясы люминесценция сәулелену энергиясына түрленеді. Заттың жарықты жұту қабілеті оның жұту спектр арқылы сипатталады. Люминесценция құбылысының пайда болуына себеп болған жарық толқындары қозу жолағын құрайды. Мұндай жолақтар бірнеше болуы мүмкін. Қозу жолақтарының жиынтығы қозу спектрін құрайды.
Люминесцентік сәуле толқындарының интенсивтілігінің толқын ұзындығына тәуелділігін IЛ = f(lЛ) люминесценция спектрі деп атайды.
Әрбір люминофор (люминесцентік қабілеті бар заттар) тек өзіне тән жұту және люминесценция спектрлары арқылы сипатталады.
Стокс ережесіне сәйкес люминесценциялы сәулені шығаруға оны тудыратын жарық энергиясының тек бір бөлігі жұмсалады, осы себепті, люминесценциялық сәуленің толқын ұзындығы әр уақытта оны тудырған толқын ұзындығынан ұзын болады, яғни люминесценция спектр толқынның ұзын жағына қарай орналасады, бұл құбылыты Стокс ережесін сәйкес былайша тұжырымдайды: люминесценция спектрінің толқын ұзындығы оны коздыратын(тудыратын) жарыктың толкын ұзындығынан үлкен (2- сурет).