Сабақ. Биомеханиканы робототехникада қолдану. Модельдеу "Жердегі тірі ағзалар қозғалысының биомеханикасын зерттеу" "Эпигенетика" Биоинформатика" ұғымы



Дата05.05.2023
өлшемі16,92 Kb.
#90078
түріСабақ
Байланысты:
f60a413ebd688e0


26-Сабақ.
Биомеханиканы робототехникада қолдану. Модельдеу "Жердегі тірі ағзалар қозғалысының биомеханикасын зерттеу" "Эпигенетика" Биоинформатика" ұғымы.
Биомеханика (био... және механика) — адам мен жануарлар қозғалысының заңдылықтарын, сондай-ақ, организмге сыртқы ортаның әр түрлі механикалық факторларының (жылдамдық, үдеу, тартылыс күші, т.б.) әсерін зерттейтін биологияның бір саласы. Биомеханика тірі тіндер, органдар және бүкіл организмнің механикалық қасиеттерін, оларда байқалатын механикалық құбылыстарды (адам мен жануарлардың іс-әрекетін, тыныс алуын, қан айналысын, қан тамырлары мен бұлшық еттердің серпімділік қасиеттерін, сүйектердің, буындардың, байламдардың беріктігін, т.б.) зерттейді.

Биомеханика құпияларын зерттеудің тарихы 13 ғасырдан Леонардо да Винчиден басталады. Ол адамның қозғалысын анатомия және механика тұрғысынан зерттеген. Бұл саланың дамуына Ресей ғалымдары И.М. Сеченовтің, П.Ф. Лесгафттың, Н.А. Бернштейннің зерттеулері зор ықпал етті. Қазақстанда биомеханикалық зерттеулер академик Б.А. Домбровский мен академик Ф. Мұхамедғалиевтің жұмыстарынан басталады.


20 ғасырдың ортасында биомеханика 3 салаға бөлінді:
тыныс алу,
қан айналу,
қозғалыс-қимыл биомеханикасы.
Тыныс алу биомеханикасы тыныс алу мүшелері (өкпе, көкірек қуысы) қимылының динамикасын зерттейді;
Қан айналу биомеханикасы жүрек пен қан тамырларының серпімділік қасиетін, қан ағыны заңдылықтарын, жүрек жұмысын зерттейді;
Қозғалыс-қимыл биомеханикасы анатомия және теориялық механика негізінде қимыл мүшелерінің құрылымдық ерекшеліктерін, дененің қозғалу заңдылықтарын, буын қимылдарын қамтамасыз ететін бұлшық ет күшінің әсерін, дене массасының дене бөліктеріне таралу заңдылықтарын зерттейді.
Биомеханика саласындағы зерттеулердің еңбек пен спорт физиологиясы, ғарыштық биологиялық, ортопедия салаларын дамыту, жасанды тыныс алу, қан айналу аппараттарын жасау, бионика принциптеріне негізделген роботтар мен манипуляторлар құрастыру үшін маңызы зор.
Биомеханиканың казіргі салалары:
-инженерлік биомеханика (робототехникамен байланысы)
-медициналық биомеханика (тавматизм мен протездеу профилактикасы )
-эргономикалық биомеханика (адамның тірі табиғатпен байланысы)

Жануарлардың қозғалысы туралы алғаш рет Аристотель еңбектерінде жазылған(б.э.д.384-322жж).Биомеханиканың қалыптасуына үлес қосқан ертедегі ойшылдар:Гален (131-202жж), Леонардо да Винчи(1452-1519жж), Микеланджело (1475-1564жж), Джованни Альфонсо Борелли (1608-1679жж)- бірінші биомеханика туралы «Жануарлар қозғалысы» кітабының авторлары. И.М.Сеченов (1829-1905жж), П.Ф.Лесгафт(1837-1909жж), А.А.Ухтомский(1875-1942жж) және отандық биомеханика мектебінің негізін қалаушы Н.А.Бернштейн (1896-1966) биомеханика ғылымының дамуына көп еңбектенген.


Ауа бұлшықеттері.
1950жылы Дж.Л.Мак Кибен ұсынған қарапайым құрылғы болып табылады.Ауа бұлшықеті биологиялық прототипті(түпнұсқасы) сияқты белсенділігін арттырғанда жиырылады.
Нитинолды сымдар.
Нитинол форманы «есте сақтау» қабілеті бар материалдар класына жататын қоспа болып табылады.Нитинолды әдетте сым түрінде қолданады.
Жердегі тірі ағзалар қозғалысының биомеханикасы
Адамның қимыл аппараты бұл, өзін.өзі басқаратын механизм 600.дей бұлшық еттен, 200.дей сүйектен, жүзден астам сіңірлерден тұрады. Бұл сандар шамамен алынған, себебі кейбір сүйектер (мысалыға омыртқа жотасының сүйектері, көкірек сүйектері т.б.) бір.бірімен байланысып, ол кейбір бұлшық еттердің бірнеше бастары бар (мысалыға жауырынның екі басты бұлшық еті, санның төртбасты бұлшық еті) немесе көптеген тармаққа бөлінеді (дельта тәрізді, көкіректің үлкен, іштің тік бұлшық еті, жауырынның жалпақ бұлшық еті т.б.). Адамның қозғалысты басқаруы, адам миының күрделілігімен салыстырмалы, табиғаттың берген керемет сыйы. Миды зерттеу оның элементтерінен (нейрон) басталады, сол сияқты биомеханикада алдымен қозғалыс аппаратын, қозғаушы элементтерден бастап зерттейді.
Қозғалыс аппараты дене бөліктерінен тұрады. Бөлім көршілес орналасқан екі буынның арасындағы дене бөлігінен мысалыға: саусақ, қар, білек т.б. тұрады.

Тапсырма №1. Терминдерге анықтама бер.
Биомеханика –бұл...
Робототехника –бұл ...

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет