Сабақ біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыруға бағытталады: оқыту



бет3/3
Дата27.01.2022
өлшемі32,3 Kb.
#24432
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Сабақ жоспарының қағидаттары

Сәтті сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттар

Табыстылыққа ұмтылу – оқу мен оқытудың негізгі мақсаты. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу алдын-ала болжауға да мүмкін болмайтын көптеген жағдайларға тәуелді күрделі үдеріс.

Оқудың табыстылығы пәнінің ерекшелігіне сәйкес тиімді әдістерді таңдай білетін мұғалімнің шеберлігіне байланысты болатыны анық. Сонымен қатар мұғалімнің мәдениеті мен оқушыларға деген сүйіспеншілігінің де маңызы зор. Егер оқушы сабақтан жаңа нәрсе үйреніп, өзіне көңілі толып шықса, сабақтың жақсы өткені, мұғалімнің еңбегі табысты

болғаны, ал егер оқушы сабақтан ештеңе үйренбей, немқұрайлы көңіл-күймен шықса – сабақтың сәтсіз болғаны; демек мұғалімнің ойлануы керек деген сөз. Дегенмен сабақтың табысты болуы тек мұғалімге ғана қатысты нәрсе емес, оқушының ынта-жігері мен өзінің білім алуына деген жауапкершілігіне де байланысты. Сабақта әрбір оқушының өзіндік маңызын және өзінің қаншалықты табысты болғанын сезіне білуі қажет. Бұл үшін мұғалім дайын, жаттанды білім беруден арылып, оқушыны жаңа білімді өздігінен игеруіне бағыттауы керек.



Сәтті сабақты қамтамасыз ететін қағидаттар:

Еркіндік қағидаты: әрбір оқушының өзін таныта білуі мүмкіндігін шектемеу;

Серіктестік қағидаты: оқу үдерісінде мұғалім мен оқушының бір-бірімен түсініп, бірігіп әрекет жасауы, бірін-бірі қолдауы;

Сенімділік қағидаты: оқушының табысқа жетуіне деген өзіне сенімділігі, мұғалімнің сабақта оқушылардың жоғары жетістікке қол жеткізе алатынына сенім артуы;

Толеранттық қағидаты: оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оның өзіндік дамуына қолайлы орта жасау;

Шыдамдылық қағидаты: қолайсыз жағдайларды шиеленістірмей, ашуға бой бермей эмоциялық сабырлық жасау

Нәтижеге бағытталған сабақтыңтабысты екенін қалай білуге болады? Ричард Дарант



«Үздік сабақтың алты белгісі» мақаласында табысты сабақты сипаттайтын келесі белгілерді анықтайды (www.cpm.kz):

    • сабақтың жақсы жоспарлануы, оқу мақсаттарының нақты белгіленуі;

    • оқытудың мазмұнды, жаңалыққа толы және мақсатқа бағытталуы;

    • оқушыларға сабақтың ұнауы және олардың өздерінің білім алуына қызығуы;

    • оқушылардың табыс критерийлеріне қол жеткізуі;

    • оқыту үшін бағалауды тиімді қолдану;

    • сабақта жоғары деңгейлі ашық сұрақтарды қолдану.

Табысты саббаққа оның тиімділігі тұрғысынан келесі талаптар қойылады:

    • сабақтың өне бойында әрбір оқушының белсенді танымдық әрекетте болуы;

    • жаңалық ашу арқылы оқудың ұйымдастырылуы;

    • сабақ барысында әрбір оқушының өзінің және сыныптастарының әрекетіне эмоциялық қолдау көрсетеуі;

    • сабақта оқушылардың танымдық әрекетке ынталануы;

    • сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы (басқаруы) және рефлексия жасауы

    • сабақта оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауын жүзеге асыратын өзіндік жұмыстың және шығармашылық тапсырмалардың болуы;

    • оқу мақсаттарына қол жеткізу, т.б.

Сабақтың тиімділігін және табыстылығын қамтамасыз ету – мұғалімнің айтарлықтай күш-жігерін жұмсауын қажет етеді. Дегенмен, сабақтың тиімділігін арттыру әрбір педагогтің қолынан келетіні анық. Осы салада зерттеушілер тиімді сабақты ұйымдастыруда кездесетін келесі проблемаларды анықтаған:

      • сабақта қолданатын әдіс-тәсілдердің бірсарындылығы;

      • сабақта уақытты тиімді қолданбау;

      • проблемалық оқыту элементтерін сирек қолдану;

      • сабақта АКТ-ні тиімді қолданбау;

      • барлық оқушылардың танымдық әрекетке тартылуын қамтымау;

      • сабақтың және тапсырмалардың логикалық құрылымына мән бермеу;

      • сабақта көрнекі құралдардың жеткіліксіздігі;

      • теориялық материалдың қажеттігін бағалай алмау;

      • жаттығулар мен тапсырмаларды немқұрайлы таңдау;

      • оқушыларды жеке орындауға арналған тапсырмалармен толық қамтымау;

      • оқушыларды шектен тыс көп тапсырмалармен жалықтыру.

Аталған қиындықтарды шешу жолдарының бірі ретінде сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып, сабақты белсенді әдіс-тәсілдер қолдану арқылы тиімді жоспарлау және өткізу ұсынылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет