«Ваза немесе құмыра»- түрлі-түсті қарындаштармен сурет салу.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
1.2.2.1 Жұмысты орындау графикасы мен техникасының түрлерін білу.
Сабақтың мақсаты
Графика түрлерімен, «Сурет композициясы»ұғымымен танысу. Тақырыптың дизайны туралы қарапайым деңгейде білім алу.
Геометриялық фигуралардың көмегімен сурет салу тәсілдері.
Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мен және аспан» Оқушылардың назарын аспанның әдемілігіне аудару. Аспандағы бұлттарды түрлі заттарға ұқсатып айтады; үлпілдік ақша бұлттарға,жауар бұлттай түнерген аспанға, мейірімді жылы күнге,ай мен
жұлдыздарға,қарлығашқа,бозторғайға,шымш ыққа,бүркітке т.б.айналады.
Жұмыс ережесін келісу
Сәлем деседі
.
Тыңд
айды.
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Ортасы
«Ыстық доп» әдісі Ол үшін біз сұраққа тез жауап беру қажет себебі мен сіздерге ыстық доп лақтырам,қолымыз күймес үшін тез жауап береміз
Негізгі түстерді ата?
Суық түске қандай түстер жатады?
Жылы түске қандай түстер жатады?
Қарама қарсы түстер қандай түстер?
Контраст түстер дегеніміз не?
Туыс түстерге қандай түстер жатады?
Қосымша түстерге қандай түстер жатады?
Оқушыларға композиция туралы видеоролик көрсету және жаңа сабақты түсіндіру. Композиция - латын сөзі, «ойлап шығару», «құрастыру» деген үғымды білдіреді. Суретші шығармасында айтпақ ойы әсерлі болуы үшін
бейнелейтін заттар мен адамдарды қоршаған нәрселерді белгілі тәртіп, үйлесімділік заңдылығы бойынша орналасуға көп көңіл бөледі. Композиция дегеніміз - салынатын суреттегі барлық бөліктерді байланыстырып, орынды құрастыру, үйлестіру. Композицияның негізгі талабы – шығарманың көркемдік бірлігін табу. Кез келген суретті салу композициядан басталады. Композиция суретшінің ойына байланысты заттың қозғалыстағы немесе бір қалыпты қозғалыссыз тұрған қалпын көрсетуге жол ашады. Композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Суреті салынатын нәрсені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, қағазға дұрыс орналастыру үйлесімділіктің (композицияның) бастапқы негізі болып табылады. Болашақ сурет жөніндегі негізгі ой қалыптасқаннан кейін, сурет салушы шығарманың жоспарын жасайды.