Сабақ бойынша жинақ кітапшасы Нұр-Сұлтан 2020 ж. Басқару психологиясы. 1-практикалық жұмыс бойынша жинақ


"Психологияның даму тарихы"тақырыбы бойынша "Timeline" құрастыру



бет5/6
Дата10.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#66974
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
"Психологияның даму тарихы"тақырыбы бойынша "Timeline" құрастыру



1-ші тапсырма: Психологияның даму тарихы тақырыбына байланысты тарихи ретпен ойшыл-ғалымдарды және олардың еңбектері жайында кесте құрастыру.




Ойшыл-ғалымдар

Еңбектері

И.Ф.Гербарт

Немістің эмпирикалық психологиясының негізін қалаған. Ғылымға ассоциация және апперцепция енгізген ұғымдары психологияда сақталған және өз мәнін жойған жоқ.

В.Вундт

Лейпциг қаласында 1879 жылы эксперименталдік психологиялық зертхана негізін қалаған, ол кейіннен эксперименталдік психология институтына айналды.

И.М.Сеченов

Оның “Бас ми рефлекстері” атты белгілі еңбегі рефлекс ұғымына негізделген жаңа эмпирикалық психологияның негізін қалады.

В.М.Бехтерев

Ол Қазан қаласында бірінші отандық эксперименталдік психологиялық зертхананы негіздеді.

Зигмунд Фрейд

Ол психоанализ бағытының негізін салушы.Оның негізгі еңбегі “Түс көруді талқылау” 1900 жылы жарық көрді.

Джон Уотсон

Америка психологі психологияны мінез-құлық туралы ғылым ретінде қарастырады.”Психология, оны бихевиорист қалай көреді”,”Бихевиоризм”деген еңбектері бар.

Роберт Вудворте

Көрнекті америка психологі функционалдық психологияның негізін салушылардын бірі. Ол бихевиористердің ұсынған “стимул -реакция” үлгісін жоққа шығарып, оның құрамына аралық буын – ағза мен ұстанымды енгізді, түрткі туралы ілімді талдады.

Аристотель

Жан туралы ғылыми-психологиялық еңбектің-трактаттың авторы. Ол адамда болатын негізгі 5сезім органдарын атап көрсетті: көру, есту, тері, дәм, иіс.

Р.Декарт

Ол сырттан әсер еткен ықпалға жауап берудің автоматтық, механикалық тәсілі ретінде рефлекс ұғымын енгізді. Рефлекстің көмегімен жануарлар мен адамдардың іс-әрекетін түсіндіре бастады.

Б.Спиноза

Спиноза дуализмнің орнына жан денемен тығыз байланысты, онсыз өмір сүре алмайды деген көзқарасты ұсынды.

Т.Гоббс

Ғылыми жаратылыстану жолымен адамдардың қабілеттерінің айырмашылығын түсіндіруге талпыныс жасады.

Джон Локк

Ағылшын ойшылы психологиялық құбылыстарды тәжірибелік түсіндіруді және сипаттауды бір жүйеге келтірді, сонымен қатар тәжірибелік психологияның негізін салушы болып есептеледі.
Басқару психологиясы. 1-практикалық жұмыс бойынша жинақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет