Сабақ бойынша жинақ кітапшасы Нұр-Сұлтан 2020 ж. Басқару психологиясы. 1-практикалық жұмыс бойынша жинақ


Қазақстандағы психологияның даму тарихы



бет4/6
Дата10.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#66974
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Қазақстандағы психологияның даму тарихы.

Жан (психика) құбылыстары туралы әр кезде өмiр сүрген қазақ ойшылдары да аз айтпаған. Асан-қайғы, Шалкиiз, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тiлеуқабылұлы, Қадырғали Жалайри, Ақтамбердi, Бұхар, Шал, Дулат, Махамбет, т.б. ақын-жыраулар мен ғұлама-ойшылдардың шығармаларында көшпендi ата-бабаларымыздың жан дүниесi әр қырынан сөз болғаны байқалады. Мәселен, ортағасырлық ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тiлеуқабылұлының (1388-1483) жан туралы пайымдаулары ерекше назар аудартады. Оның басты еңбегi “Шипагерлiк баянда” көптеген психологиялық ұғымдар (түйсiк ойлау, сөйлеу, қиял, дағды т.б.) туралы қызықты мағлұматтар бар. Ол өзiнен бұрын өмiр сүрген ұлы ғұламалардың (әл-Фараби, Жүсiп Баласағұни т.б. ) жан туралы түсiнiктерiне сүйене келiп, бүткiл тiршiлiктiң басқарушы, реттеушiсi жүрек дейдi. Сөйте тұра жан құбылыстарын басқаруда мидың атқаратын рөлiн де жоққа шығармайды. Оның адам есiне, ойлауына байланысты айтқандары ғылыми тұрғыдан дәйектi нанымды. Ол ес - көрген, естiген нәрсенi жадта сақтау үшiн аса қажет дейдi.


Адам өмiрге келген соң, белсендi өмiр сүруге, “сегiз қырлы, бiр сырлы” болуға ұмтылуы тиiс дейтiн. Ұлттық психологияға қатысты көптеген ғылыми түйiндердi Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри аз айтпаған. Жан құбылыстары туралы ғылыми мәнi зор, тың пiкiрлердi кейiнгi замандар да ғұмыр кешкен Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкерiм, Әлихан, Ахмет, Хәлел, Мiржақып, Жүсiпбек, Мағжан, т.б. шығармаларынан да көптеп кездестiруге болады.


Жүсiпбектiң тәлiм-тәрбие тақырыбында жазған еңбектерiнiң iшiнде “Психология” деп аталатын көлемдi еңбек айрықша айтуға тұрарлық. Өйткенi бұл - бүкiл советтiк түркi тектес халықтар тiлiндегi сол кездегi бiрден-бiр төл туынды. Қырқыншы жылдарға дейiн әзiрбайжан, өзбек, түрiкпен қырғыз, башқұрт, батар т. б. тiлдерде мұндай еңбектердiң болмағанын ескерсек, осы басылымның бағасы ерекше арта түседi.



Басқару психологиясы. 1-практикалық жұмыс бойынша жинақ




Петербургтегi Әскери-медициналық академияның түлегi Хәлел Досмухамедов (1883-1939) Алаш қозғалысының белсендi қайраткерi болумен қатар, әр түрлi ғылым саласында (медицина, физиология, тарих, әдебиет, психология,т. б.) өзiн үлкен биiктен көрсеткен тұлға едi. Ол қазақ этнопсихологиясының iргетасын қалаушылардың бiрi болды. Оның “тiл - жұрттың жаны. Тiлiнен айырылған жұрт - жойылған жұрт... Өз тiлiн бiлмей тұрып, жат тiлге елiктей беру - зор қате” деуi қазiргi кездегi мемлекеттiк тiлдi өркендету, дамыту мәселесiмен ерекше үндесетiнi хақ.
Осы кезде ғұлама ақын М. Жұмабаев (1893-1937) "...қазақ баласының тәрбиесi қазақ тұрмысына қабысуы мақұл" дейтiн аталы сөзiн өзiнiң "Педагогика" атты кiтабындағы психологиялық түйiндердiң негiзгi арқауы еттi. 1923 жылы Орынборда В. Я. Струминскийдiң (1880-1967) "Психология" атты көлемдi еңбегi жарық көрдi.
Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің маңызы артып отыр. Осы тұрғыдан келгенде, ауыл-село мектептерінің әлеуметтік психологиялық мәселелері, мал шаруашылығына қажетті мамандардың, сондай-ақ, жаңа типтегі лицей, гимназия, колледж, медресе шәкірттерін оқытып, тәрбиелеудің психологиялық проблемалары, талантты, дарынды оқушылардың өзіндік психологиясын, қостілдік пен көптілдіктің психологиялық астарларын зерттеу, нарық экономикасына көшуге байланысты туындайтын сан алуан психологиялық жайттар алдағы жерде өз шешімін күтіп тұрған өміршең ғылыми мәселелер болып табылады. Ортағасырлық қазақ ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1488) жан туралы пайымдаулары ерекше назар аудартады. Оның басты еңбегі «Шипагерлік баянда» көптеген психологиялық ұғымдар (түйсік, ойлау, сөйлеу, қиял, дағды, т.б.) туралы қызықты мағлұматтар бар.
Қазақстандағы психология ғылымы, әсiресе, ұлы Отан соғысынан кейiнгi жылдарда елеулi қарқынмен дами бастады. Мәселен, 1946 жылы қазақ педагогикалық институтында (Алматы мемлекеттiк университетi) тұңғыш рет психология кафедрасы, 1947 жылы қазақ университетiнде логика және психология мұғалiмдерiн даярлайтын арнаулы бөлiм ашылды. 1951-1953 жылдары осы бөлiмдi жүзден астам түлектер бiтiрiп шықты. Бұлардың көпшiлiгi психология мамандығын иеленiп, елiмiздiң оқу орындарында, ғылыми мекемелерде қызмет ете бастады. Осы жылдары республика үшiн психологтар даярлауда профессор Т. Тәжiбаев (1910-1964) пен профессор И. Л.Стычинский (1896-1969) зор үлес қосты.
Қазiргi кезде Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетiнде, сондай-ақ Алматы, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Петропавл, Талдықорган, Тараз, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан университтеттерiнде психологиядан бакалавр мен магистранттар даярлануда, орта мектептерде "психолог" мамандығының штаты енгiзiлдi, ҚазМУ-де этнопсихология Орталығы, Алматы облыстық "ұлттық тәлiм-тәрбие" қауымдастығы, ондаған психология кафедралары жұмыс iстейдi. Қазiргi кезде психологиялық зерттеулердiң кешендi тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өмiрiне орайластыра жүргiзудiң маңызы артып отыр. Осы тұрғыдан келгенде, ауыл-село мектептерiнiң әлеуметтiк психологиялық мәселелерi, мал шаруашылығына қажеттi мамандардың, сондай-ақ, жаңа типтегi лицей, гимназия, колледж, медiресе шәкiрттерiн оқытып, тәрбиелеудiң психологиялық проблемалары, талантты, дарынды оқушылардың өзiндiк психологиясын, қос тiлдiлiк пен көптiлдiлiктiң психологиялық астарларын зерттеу, нарық экономикасына көшуге байланысты туындайтын сан алуан психологиялық жәйттер алдағы жерде өз шешiмiн күтiп тұрған өмiрмең ғылыми мәселелер болып табылады.

Басқару психологиясы. 1-практикалық жұмыс бойынша жинақ






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет