Сабақ бойынша жинақ кітапшасы Нұр-Сұлтан 2020 ж. Басқару психологиясы. 1-практикалық жұмыс бойынша жинақ



бет6/6
Дата10.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#66974
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 praktikal k zhum s

Ойшыл-ғалымдар

Еңбектері

Әбу –Насыр әл-Фараби

Ол психология ғылымының әртүрлі мәселелеріне “Ақыл-ой туралы”, “Темперамент туралы”, “Түс көру туралы”, “Жанның мәні туралы”, “Ақыл-ой және ұғым”, “Жас өспірімнің ақыл ойы туралы кітап”, “Ересектердің ақыл ойы туралы кітап” және т.б. еңбектерін арнады.

Жүсіп Баласағұни

“Тіл адамның даңқын асырады”, “ Адам ол арқылы бақыт табады”, “Тіл адамға жапа шектіреді”, “ Абайламаса, басынан да айырады”, “Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа” деген мәтелдердің психологиялық мәнін ашып көрсетті.

Төлеген Тәжібаев

Ол Қазақстанда психология ғылымы саласында тұңғыш рет 1939 жылы Ленинград қаласында “К.Д.Ушинский – Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Мағжан Жұмабаев

Қазақ топырағында алғаш рет 1922жылы “Педагогика” атты оқулық жазған.

Жүсіпбек Аймауытов

Қазақ топырағында тұңғыш рет “Педагогика” оқулығын 1926 жылы жазды.

В.Я.Струминский

1923 жылы Орынбор қаласында “Педагогика” оқулығы орыс тілінде жарық көрді. Еңбегінде диалектиканың негізгі мәселелерін бір жүйелі баяндау тәжірибесіне тоқталады.

Әбдірахман Асылбеков

Ол бірнеше ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы, әсіресе, оның “Оқушылардың ынтасын тәрбиелеу”(1958), “Қоғамдық пайдалы еңбек арқылы оқушыларға коммунистік тәрбие беру”(1959), “Бала тәрбиесінде семьяның рөлі”(1969).




Басқару психологиясы. 1-практикалық жұмыс бойынша жинақ



2-ші тапсырма: Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен даму кезеңдерін схема түрінде құрастыру.

Қайталау және бекіту сұрақтары.

  1. Еуропадағы психологияның даму тарихы неден бастау алады?

  2. Еуропа психологиясының көрнекті өкілдерін атаңыз?

  3. Еуропа психологиясының дамуына кедергі жасаған жағдай?

  4. АҚШ-тағы психологиясының даму тарихына қысқаша шолу жасаңыз?

  5. АҚШ психологиясында 1880 жылмен салыстырғанда 1990 жылы қандай өзгерістер болды?

  6. Қазақстан психологиясына үлес қосқан қандай көрнекті өкілдерін білесіз?

  7. Қазақстан психологиясының даму тарихын АҚШ-тағы психологиясының даму тарихымен салыстырыңыз?

  8. Неліктен Қазақстан психологиясының даму тарихын 3 кезеңге бөледі?


Басқару психологиясы, 1-практикалық жұмыс бойынша жинақ

Әдебиеттер.
1. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы, “Қазақ университетi” 1991 ж.
2. Богословский В.В. А. Жалпы психология, 1980 ж.
3. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1981 ж.
4. Тәжiбаев Т. Жалпы психология. Алматы, “Қазақ университетi”, 1993 ж.
5. Рауанбаев Г.А.Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы I том, II. Алматы, 1994 ж.
6. Алдамұратов Ә. Т.б. Жалпы психология. Алматы, 1995 ж.
7. Елiкбаев Н. Ұлттық психология.Алматы, -Қазақ университетi, 1992 ж.
8. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы,Сөздік, 2007.
9. Ә. Алдамұратов “Жалпы психология” Алматы 1993 ж.
10. С. Баптин – “Жалпы психология” Алматы 2004 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет