Ойшыл-ғалымдар
|
Еңбектері
|
И.Ф.Гербарт
|
Немістің эмпирикалық психологиясының негізін қалаған. Ғылымға ассоциация және апперцепция енгізген ұғымдары психологияда сақталған және өз мәнін жойған жоқ.
|
В.Вундт
|
Лейпциг қаласында 1879 жылы эксперименталдік психологиялық зертхана негізін қалаған, ол кейіннен эксперименталдік психология институтына айналды.
|
И.М.Сеченов
|
Оның “Бас ми рефлекстері” атты белгілі еңбегі рефлекс ұғымына негізделген жаңа эмпирикалық психологияның негізін қалады.
|
В.М.Бехтерев
|
Ол Қазан қаласында бірінші отандық эксперименталдік психологиялық зертхананы негіздеді.
|
Зигмунд Фрейд
|
Ол психоанализ бағытының негізін салушы.Оның негізгі еңбегі “Түс көруді талқылау” 1900 жылы жарық көрді.
|
Джон Уотсон
|
Америка психологі психологияны мінез-құлық туралы ғылым ретінде қарастырады.”Психология, оны бихевиорист қалай көреді”,”Бихевиоризм”деген еңбектері бар.
|
Роберт Вудворте
|
Көрнекті америка психологі функционалдық психологияның негізін салушылардын бірі. Ол бихевиористердің ұсынған “стимул -реакция” үлгісін жоққа шығарып, оның құрамына аралық буын – ағза мен ұстанымды енгізді, түрткі туралы ілімді талдады.
|
Аристотель
|
Жан туралы ғылыми-психологиялық еңбектің-трактаттың авторы. Ол адамда болатын негізгі 5сезім органдарын атап көрсетті: көру, есту, тері, дәм, иіс.
|
Р.Декарт
|
Ол сырттан әсер еткен ықпалға жауап берудің автоматтық, механикалық тәсілі ретінде рефлекс ұғымын енгізді. Рефлекстің көмегімен жануарлар мен адамдардың іс-әрекетін түсіндіре бастады.
|
Б.Спиноза
|
Спиноза дуализмнің орнына жан денемен тығыз байланысты, онсыз өмір сүре алмайды деген көзқарасты ұсынды.
|
Т.Гоббс
|
Ғылыми жаратылыстану жолымен адамдардың қабілеттерінің айырмашылығын түсіндіруге талпыныс жасады.
|
Джон Локк
|
Ағылшын ойшылы психологиялық құбылыстарды тәжірибелік түсіндіруді және сипаттауды бір жүйеге келтірді, сонымен қатар тәжірибелік психологияның негізін салушы болып есептеледі.
|
Басқару психологиясы. 1-практикалық жұмыс бойынша жинақ