1-тапсырма.
Топтық жұмыс 1-топ: Пирамидалық кесте бойынша Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жырды талдау.
1. Тақырып
2. Кейіпкер бейнесі
3. Оқиға орны
4. Оқиға барысында
туған қиыншылықтар
5. Тақырыпты ашатын бірінші оқиға
6. Екінші оқиға
7. Үшінші оқиға
8.Тақырыптың шешімі
2-топ: «Үштік талдау» әдісі Оқушылар шығармадан алынған үзінділерді оқи отырып, кейіпкер бейнесіне талдау жасайды. Үш оқушыдан тұратын төмендегідей топқа бөлінеді: сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы. Алдымен біреуі 1-үзіндіні оқиды. Сөйлеуші үзінді бойынша өзінің түсінгенін айтады немесе пікірін білдіреді.
Сұрақ қоюшы сұрақ қояды және түсініктеме беруді сұрайды.
Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды жасайды. Қалғандары (сөйлеуші, сұрақ қоюшы) келісетін/келіспейтінін дәлелмен білдіреді. Үшеуі бірлесе отырып, шығармадан тура және жанама мінездеулерді табады. Келесі жолы (2-3-үзінділерде) рөлдер ауысады (2-үзінді бойынша 2-оқушы; 3-үзінді бойынша 3-оқушы сөйлейді).
2-тапсырма Жұптық жұмыс Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)