|
Осы құрама есепті бір жай есепке айналдырып талдауға болады.
Жай есеп үлгілері.
А) Жазғы демалыста Бурабайға 12 бала, ал Жасыбайға 13 бала баруды жоспарлады. Барлығы неше бала демалуды жоспарлады?
Ә) Жазғы демалыста Бурабай мен Жасыбайға 25 бала баруды жоспарлады. Олармен 2 ересек адам бірге баруы керек.
Барлығы неше адам демалуды жоспарлады?
тапсырма
«Оқжетпес» шипажайында 50 адам, ал «Алтынай» шипажайында 40 адам демалып жатты. Олардың 30ы үйлеріне кетті. Шипажайларда неше адам қалды?
«Оқжетпес» ш. – 50 адам
«Алтынай» ш. – 40 адам Үйіне кетті – 30 адам Қалды – ? адам
Шешуі:
(50 + 40) – 30 = 60 немесе
(50 – 30) + 40 = 60 немесе
(40 – 30) + 50 = 60
Жауабы: шипажайларда 60 адам қалды.
Күрделі есепті екі жай есепке айналдыра білу дағдысын қалыптастыру үшін екі жай есеп құрастыру, дәлелдеу.
«Оқжетпес» шипажайында Екі шипажайда барлығы 90 50 адам, ал «Алтынай» адам демалып жатыр. шипажайында 40 адам Олардың 30ы үйлеріне демалып жатты. Екі кетті. Шипажайларда неше шипажайда барлығы неше адам қалды?
адам демалып жатыр?
тапсырма есептің шешімін жазуға қатысты дағдыларға машықтандыруға бағытталған.
|
тапсырмада құрама есеп пен жай есептерді ажырата біледі, түрлі нұсқада модельдеп шығарады. Мәтінді түсініп оқиды, есептің шешуін өз қалауымен өрнектермен шығарады.
Құрама есепті екі жай есепке айналдырып, тексереді.
|