Бір таңбалы сандарды разрядтан аттап қосу кестесі.
Кестелер жинағы.
Слайд:
«Сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері».
Ондықтан аттап, бір таңбалы сандарды қосу үшін:
қосындыдағы бірінші қосылғышты 10-ға дейін толықтыру қажет. Ол үшін екінші қосылғышты екі қосылғыштың қосындысы түрінде жазып алу керек.
10 саны шығатындай етіп, бірінші қосылғышқа екінші қосылғыштың бір бөлігін қосу керек.
шыққан 10 санына екінші қосылғыштың қалған бөлігін қосу керек.
Ойсергек: «Сандар жыры».Мені келсе білгің, (Орындарынан тұрады.) Мен таяқша бірмін. (1 саусақтарын көрсетіп, қолдарын жоғары көтереді.) Сандарға жол бастап, (Екі қолын жоғары көтереді.) Ең бірінші тұрмын. (Қол шапалақтайды.) Бірден кейін тұрамын. (1 саусақтарын көрсетіп, қолдарын жоғары көтереді.) Бірден кейін тұрағым. (Орындарына отырады.)
Бірді бірге қосқанда, (Оң қолынан және сол қолынан бір саусақтарын бір-біріне жақындатады.)
Мен шығамын, қарағым. (2 саусақты көрсетеді.)
Екіден соң әрқашан, (Орындарынан тұрады.)
Үшінші мен тұрамын. (Қол шапалақтайды.) 4-тапсырмада72 + 6 және 67 + 10 түрінде берілген қосындылардың мәнін салыстырады.
5-тапсырмадақосындыны табуға берілген есеп талданады.
Есеп мәтінін оқи отырып, қысқаша жазудың көмегімен шығара білуге дағдыландыруды көздейді.
Жадынаманы басшылыққа ала отырып, қосындыны табуға берілген есеп шығарылады:
Мәтін мұқият оқылады.
Мәтіннен не түсінгенін, яғни мәтіннен есептің шартын бөліп алу ұсынылады. (Атасы Балжанға 7 мақалдың, ал әжесі
4 мақалдың мағынасын түсіндірді)
Не сұралады, яғни мәтіннен есептің сұрағы анықталады. (Балжан атасы мен әжесінен барлығы неше мақал тыңдады?) Берілген қысқаша жазудан есептің сұрағын көрсете аласың ба?
Есептің сұрағына жауап беру үшін қандай амал таңдаймыз? Амал таңдалады, өрнек құрылады. (7 + 4.).
Шешуін жазады. (7 + 4 = 11.).
Жауабын қысқаша жазады Есептің сызба түрінде берілген нұсқасымен де жұмыс жасалады.
7 4
?
Осы есепке кері есеп құрастыру жадынамасы пысықталады.
6-тапсырма қайталауға, уақыт туралы білімдерін пысықтауға берілген.
Сағатта циферблат болатыны, циферблат
бұл бөліктерге бөлінген, цифрлар жазылған және екі тілшеден тұратын дөңгелек екенін естеріне түсіреді.
Тілшелердің айырмашылығы неде?
тапсырмада қосындыны табуға берілген есепті шығару үшін мәтінді түсініп оқиды, белгілі, белгісіз мәліметтерді анықтайды, шешуін, жауабын жазады, тексереді.