1 және 2-тапсырмалардыорындау барысында суреттерге қарап, заттардың массасын анықтайды, сұрақтарға жауап береді.
Сурет бойынша өзі де сұрақтар құрастырады. Суреттегі заттардың массасын қандай өлшем бірлігімен өлшеген қолайлы екенін айтады.
3 және 4-тапсырмалардашамалардың мәндерін салыстырады, «артық, кем, тең» қатынастары жайлы біліктерін дамытады.
Қозғалыс жаттығуларын жасайды.
4-тапсырма.
Критерий:
масса шамалардың мәндерін салыстырады. Дескриптор:
біртекті масса өлшем бірліктерімен берілген шамалар- дың мәндерін салыстырады;
әртүрлі өлшем бірліктерімен берілген шамалар- дың мәндерін кіші өлшем бірлігіне
өрнектейді, салыстырады.
«Массаның өлшем бірліктері» – кесте. Тірек сызбалар.
Массаны өлшеу құралдары.
Партада отыру, дәптер мен көздің арасында сақталатын қашықтықты сақтау ережесі үнемі назарда ұсталады.
тапсырма өлшем бірліктері мен шамалар арасындағы сәйкестікті орнатады.
тапсырма қосу амалына берілген есепті санды өрнек түрінде модельдеу және осы есепке кері есептер құра білу дағдысын дамытуды көздейді.
Мәтін мұқият оқылады.
Анам екеуіміз бақшадан бірнеше килограмм шие тердік. 13 кг шиеден анам шырын дайындағанда, 18 кг шие қалып қойды. Анам екеуіміз неше килограмм шие тердік? Осы есепке кері есеп құрастыр және оны шығар.
Мәтіннен не түсіндің?
13 кг жемістен шырын дайындағанын, 18 кг жеміс қалғанын білдік.
Бұл – есептің шарты. (Есептің берілгендері шартында айтылады.)
Есепте не сұралады?
Анасы екеуі неше килограмм шие жинағаны сұралады.
Бұл – есептің сұрағы. (Сұрақ қою арқылы есепті қалай шығаратынын анықтайды.)
Есептің сұрағына жауап беруге бола ма? Қандай амал орындайсың?
Есептің сұрағына жауап беру үшін қосу амалын қолданасың.
Өрнек құрайық: 13 + 18.
Бұл – есептің шешуі, 13 + 18 = 31, ал нәтижесі – жауабы.
8-тапсырма ізденушілікке, шығармашылыққа берілген. Тәжiрибе цехында бiрдей 8 ойыншық жасалды. Оның жетеуі бiрдей темірден, ал сегізіншісі – ең жеңiлi ағаштан дайындалды. Кiртастарды пайдаланбай, табақшалы таразымен үш рет өлшеу арқылы жеңiл ойыншықты қалай табуға болады? Массаны анықтауға берілген бұндай есепті былай пайымдайды: