Сабақ Бөлім: 9-бөлім:Қазақстандағы туризм және экотуризм



бет1/3
Дата07.03.2023
өлшемі107,66 Kb.
#72442
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Қазақ тілі ҚМЖ




Қысқа мерзімді жоспар
12-сабақ

Бөлім:

9-бөлім:Қазақстандағы туризм және экотуризм
Пунктуация

Педагогтің аты-жөні:

Еркебаева С.М

Күні:

16.05.2022 ж

Сыныбы:8 а

Қатысушы бала саны: Қатыспаған бала саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстандағы мәдени туризм

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау
8.4.4.4 жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану

Сабақтың мақсаты:

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе);
сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану.
ерекшелігіне сай қолдану (бұйрықты, лепті);

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.



Жаңа сабаққа кіріспе




  1. «Миға шабуыл» сұрақтары:

  1. Аргументативті эссе дегеніміз не?

  2. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілер туралы не білеміз?

Оқушы сұраққа жауап береді.

Дескриптор
-Қайталап еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді.



Қалыптастырушы бағалау «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.



1-тапсырма.Берілген үзіндіні оқып, эссенің қай түріне жататынын ажыратыңыз. Көтерілген даулы мәселені анықтаңыз.
Еліміздегі туризмнің дамуы үшін баға мен сапа үйлесуі қажет. Расында, кез келген демалушы қызмет көрсету сапасы жоғары жерде ғана емін-еркін демалады ғой. Кәсіпкерлер бағаны белгілегенде, қандай талаптарға сүйенеді екен деп таңғаласың. Бұдан кейін инфрақұрылым мәселесі алдымыздан шығады.
Мәселен, Алакөл не Марқакөл сынды інжу-маржандарымызға жеткенше, демалысыңыздың берекесі қашады. Себебі жолдың алыс болуы өз алдына, бұған қоса оның сапасы сын көтермейді. Қалай десек те, көзтартар табиғатымен елді тамсандырып жүрген жерлерімізді таныту үшін жеке кәсіпкерлер Үкімет тарапынан қолдауға мұқтаж. Айталық, мемлекет кейбір алыс аймақтардағы демалыс орындарына жаз айлары кезінде шағын ұшақтар ұйымдастырса, бұл да келушілердің санын көбейтетіні анық.
Екіншіден, қазақстандық туризмді дамытудың басты қозғаушы күші ретінде жарнама мәселесін айта кеткен жөн. Ешқандай қазба байлығы жоқ, тек туризм арқылы байлыққа белшесінен батып отырған елдер жарнама мәселесіне немқұрайлы қарамайтыны байқалады. Әлемнің алты құрлығындағы жерлерді біле тұра, елімізде інжу-маржан саналатын жерлерді көпшілік біле бермейтіні рас. Себебі теледидарды болсын, радионы болсын қоссаңыз да, қай басылымды ашсаңыз да шетелдік курорттардың жарнамасы көздің жауын алады. Сондықтан жарнамалау мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет