Барлық оқушылар: аудио мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне өз көзқарасын білдіреді, ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін біледі.
Көптеген оқушылар: тақырыпқа байланысты өз ойымен бөлісе алады.
Кейбір оқушылар: мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтел тауып айта алады.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда жаттығулар жасалады.
Өткен тақырыпқа шолу «Миға шабуыл» әдісі бойынша жүреді. -Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
- Сөзде ч, щ әріптерінің жазылуы керектігін қалай ажыратамыз?
- Үйде орындауға берілген тапсырма: ч,щ әрпі бар жазған сөздеріңді оқыңдар.
- Олай болса бүгінгі сабағымызда не істейміз деп ойлайсыңдар?
(Т, Д) «Ыстық орындық»әдісі, дәптермен жұмыс.
35-жаттығу. «Жақсы мен Жаман» мәтінін оқыңдар.
• Мәтін не туралы?
• Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңмен пікірлесіңдер.
• «Жақсы сөз – жарым ырыс» мақалы бойынша өзіңше ой тұжырым жаса.
-Мәтінге жоспар құр.
-Құрған жоспарың бойынша мазмұндама жаз.