Сабақ Бөлім: Кестеден тыс көбейту және бөлу


Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы»



бет6/11
Дата23.02.2022
өлшемі2,69 Mb.
#26224
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өтеді.

Оқу тапсырмасы: 3-тапсырма 6-бет.

Кері байланыс жасайды.

ҚБ қойылады.





Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ



Қысқа мерзімді жоспар

      Математика 3-сабақ

Бөлім:

Кестеден тыс көбейту және бөлу

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.2.6 бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындай алады.

Көптеген оқушылар: қалдықтың бөлгіштен кіші болу керектігін анықтай алады.

Кейбір оқушылар: есептің сандық деректерін өзгертіп, оны шығара алады.

      Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас-тыру,

өзін –


өзі тексеру

5 мин


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларын жасату арқылы жүреді.

  1. «Таңдау» әдісімен 4 түрлі сәндік бұйым суретін таңдатып, төрт топқа бөлу.

Өткен тақырыпқа шолу:

Үйге берілген оқу тапсырманы тексеру:

6-беттегі 3-тапсырма.

Оқу материалын жариялау: «Керме жіп» әдісі арқылы жүреді.

- Керме жіпте қандай сөз тұр? (қалдық)

-Қалдық дегенді қалай түсінесіңдер?

- Ендеше бүгінгі сабағымызда сандарды қалдықпен бөлуге берілген тапсырмалар орындайтын боламыз.

Оқу мақсаты жарияланады.


Ширату жаттығуларын жасайды.

Топтарға бірігеді.

Тапсырма тексертеді.Сұрақтарға жауап береді.

Тақырыпты ашады.








Жаңа білім

18 мин


10 мин

2 мин
Бекіту

15 мин


(Ұ) 1- тапсырма: «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.

1) Есепті шығарыңдар.

А) Шебер 18 моншақты әр қорапқа 6-дан салды. Қанша қорап қажет болды?

Ш: 18:6=3 (қорап)

Ж: 3 қорап қажет болды.

Ә) Шебер 18 моншақты әр қорапқа 4-тен салды. Қанша қорап қажет болды және қанша моншақ қалды?

Ш: 18:4=4 (2 қалдық)

Ж: 4 қорап қажет болды, 2 моншақ артық қалды.

Тексеру: Ол үшін бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтіп, қалдықты қосу керек.

4*4+2=18(моншақ)

Ескерту: Қалдық қашан да бөлгіштен кіші болу керек.

2) Суретін салып, есептерді шығар.

А) Ағайынды 2 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру қажет. Олардың әрқайсысына неше жаңғақтан тиеді? Қанша жаңғақ қалады?

2балаға-10 жаңғақ

1 балаға-? жаңғақ

Ш: 10:2=5

Ж: Олардың әрқайсысына 5 жаңғақтан тиеді.

Ә) Ағайынды 3 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру қажет. Олардың әрқайсысына неше жаңғақтан тиеді? Қанша жаңғақ қалады?

3балаға-10 жаңғақ

1 балаға-? жаңғақ

Ш: 10:3=3 (1 қалдық)

Ж: Олардың әрқайсысына 3 жаңғақтан тиеді. 1 жаңғақ қалады.

Б) Ағайынды 4 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру қажет. Олардың әрқайсысына неше жаңғақтан тиеді? Қанша жаңғақ қалады?

4балаға-10 жаңғақ

1 балаға-? жаңғақ

Ш: 10:4=2 (2 қалдық)

Ж: Олардың әрқайсысына 2 жаңғақтан тиеді. 2 жаңғақ қалады.

4) Сен өзіңді кәдесыйлар дүкенінің сатушысымын деп есепте. Әр саяхатшы сенен 4 түйеден және 5 киіз үйден сатып алды. Егер кәдесыйлар дүкеніне 30 саяхатшы келген болса, сен қанша кәдесый саттың?

Әр саяхатшы-4 түйе, 5 киіз үй

30 саяхатшы-? кәдесый

Ш: (4+5)*30=270

Ж: 270 кәдесый сатылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет