Психологиялық ахуал Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді
Адамға ұнауға мүмкіндік беретін 5 ережені құрастырады. Құрастырған ереженің мәнін түсіндіреді.
Мәтінді мұқият тыңдайды.Мәтін мазмұны бойынша жұбына кемінде екі сұрақ қояды. Мәтіндегі өзекті мәселелер бойынша өз ойларын дәлелдейді.
Тілдік қарым-қатынастағы ережелер туралы өз пікірлерін «Төрт сөйлем» әдісі арқылы жеткізеді, ойларын дәлелдейді.
Керекті сөздер мен сөз тіркестерін тауып, орнына қойып, мәтінді көшіреді. Дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, мәтінді орфографиялық нормаға сай жазады.
Рефлексия жасау арқылы сабақтың қызықты тұстарын айта отырып, нені меңгергенін сараптайды.
Қандай мәліметтер алғанын жеткізеді.
Оқушылардың психологиялық ахуалы қалыптасады.
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша мадақтауарқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады
Жарайсың! Керемет шешім! Ойлы шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін бойынша 2 сұрақ құрастырады; -дайындаған сұрақтарын жұбына қояды; -жұбының сұрағына жауап береді; -өз ойына дәлелдер келтіріп, жауап береді.