(Ұ, Д) 1-тапсырма - «Өзіндік жұмыс» әдісі.
20-жаттығу.
«Ана тілі» дегенді қалай түсінесің?» деген сұраққа өздерің сияқты балалардың берген жауабын оқыңдар.
-Қай жауап сендерге көбірек ұнады? Дәлелде.
Өз ойларыңды жазбаша білдіріңдер.
Саралаудың «Қарқын» тәсілі жүзеге асады.
Қарқыны жоғары оқушыға:
- Ана тілі туралы білетін өлең-жырыңды айтып бер.
Сергіту сәті: «Көңілді күн» әні.
(Ж) 2-тапсырма - «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.
22-жаттығу.
Оқып, диалогті жатқа жазыңдар.
Өлең түріндегі диалогті жұпта рөлге бөліп оқыңдар. Басқа оқушылармен жарысқа түсіңдер. Қай жұп мәнерлі оқыды?
Саралаудың «Қарқын» тәсілі жүзеге асады.
Қарқыны жоғары оқушыға:
-Диалог деген не?
(Т) 3-тапсырма - «Менде бір ой бар...» әдісі.
23-жаттығу.
Диаграммада оқушылардың неше сөйлеу көрсеткіші берілген? Дұрыс, әсерлі сөйлеу үшін оларға қандай кеңес берер едіңдер?
24-жаттығу.
Өз сөйлеу көрсеткіштеріңді бағалап көріңдер.
Саралаудың «Қарқын» тәсілі жүзеге асады.
Қарқыны жоғары оқушыға:
- Сыныпта кімдердің сөйлеу көрсеткішін дамытуға көмек қажет деп ойлайсың? Оларға көмектесуді мойныңа алар ма едің?
|
Дәптермен жұмыс жасайды.
Ән айтып сергиді.
Тапсырманы жұпта орындайды.
Берілген сұраққа өз ойын білдіреді. Пікірін дәлелдейді.
|
Дескриптор:
-«Ана тілі» дегенді өз сөзімен жазбаша түсіндіреді-2балл;
өз ойын дәлелдейді -1балл;
Дескриптор:
-диалогті жатқа жұпта рөлге бөліп оқиды-2балл.
-диалогті жатқа қатесіз жазады-2балл.
Дескриптор:
-Диаграммадан балалардың сөйлеу көрсеткішін анықтайды-2балл.
- Өз сөйлеу көрсеткішін бағалайды-1балл.
|