(Т) 1-тапсырма - «Өзіндік жұмыс» әдісі. 25-жаттығу. Сөздерді оқыңдар.
Көбелек, шың, ұлан, ер, жапырақ, өлке, көгершін, пияз, киік.
-мәтінді оқып, не туралы екенін
Әр сөзде неше дыбыс, неше әріп барын айтыңдар.
-Қай сөзде дыбыс пен әріп саны бірдей емес?
-Дыбыс пен әріптің бір-бірінен өзгешелігі неде?
26-жаттығу. Сызба бойынша тіл дыбыстары туралы білетініңді айтыңдар.
Ж: Дыбыс 2-ге бөлінеді. Дауысты дыбыстар: жуан, жіңішке дауысты дыбыс болып бөлінеді. Дауыссыз дыбыстар: қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстар болып 3-ке бөлінеді.
Сергіту сәті: «Қаражорға» биі.
(Ж) 2-тапсырма - «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі. 27-жаттығу. «Бұлт өзеннен су алса...» мәтінін тыңдаңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Қарамен жазылған сұрау мағынасындағы сөздерге жауап болатын сөздерден тірек сөздер қатарын құрыңдар.
Жаңбыр, шағын бұлақтар, үлкен өзендер, егінді суарғанда, жерге сіңіп, су қоры, бастау, құдық, үлкен көлдер, буланады, бұлтқа айналады, жаңбыр болып жауады.
-Өздерің құраған тірек сөздер қатарына қарап, мәтінді бір-біріңе мазмұндаңдар.
Саралаудың «Қарқын» тәсілі жүзеге асады.
Қарқыны жоғары оқушыға: - «Бұлт өзеннен су алса ғана жауады» деген мақалдың мағынасын түсіндір.
(Д) 3-тапсырма - «Өзіндік жұмыс» әдісі. 28-жаттығу. Мәтіннен нақыл сөзді тауып жазыңдар. Сол сөйлемдегі сөздерге үлгі бойынша дыбыстық-әріптік талдау жасаңдар.
Саралаудың «Қарқын» тәсілі жүзеге асады.
Қарқыны жоғары оқушыға: - Ауызша, жазбаша талдаудың қандай айырмашылығы байқалады?
Қарқыны баяу оқушығақолдау көрсетіледі.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Билеп сергиді.
Тапсырманы жұпта орындайды.
Берілген үлгі бойынша талдау жасайды. Пікірін дәлелдейді.
Дескриптор:
- Әр сөзде неше дыбыс, неше әріп барын
анықтайды-1балл;
- дыбыс пен әріп саны бірдей емес пияз сөзін анықтайды-1балл;
- Дыбыс пен әріптің бір-бірінен өзгешелігін сипаттайды-2балл
Дескриптор:
-Сұрақтарға жауап береді -1балл;
-Тірек сөздер қатарын құрады-1балл.
Тірек сөздер қатарын пайдаланып, мәтінді мазмұндайды-1балл.
Дескриптор:
Мәтіннен нақыл сөзді тауып жазады-1балл. , Сөздерге үлгі бойынша дыбыстық-әріптік талдау жасайды-2балл.