Саралау тәсілі: «Қарқын» әдісі арқылы жүзеге асады
Қарқыны жоғары оқушыға:
- Ататекті білу не үшін керек?
-Жеті атаны айт.
Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.
Сергіту сәті
Біз бір үйде нешеуміз?
Кел санайық ,екеуміз.
Бас бармағым - атам,
Балан үйрек-апам.
Ортан терек –әкем,
Шылдыр шүмек анам.
Кішкентай бөбек - мен.
Біз бір үйде нешеуміз?
Біз бұл үйде бесеуміз.
(Д) 2- тапсырма.
1) Сұрақ-жауап:
• Сендер жақсы істеріңмен, өнер-білімдеріңмен ата-әжелеріңді, ата-аналарыңды қуанта аласыңдар.
Ол қандай іс, қандай өнер болуы мүмкін?
2) «Еркін әңгіме» әдісі
«Менің атам» тақырыбына ауызша әңгіме құраңдар.
-Өзің ата-әжеңнің әрекетінен қандай қамқорлық сезіндің?
Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісі арқылы жүргізіледі.
Кейбір оқушыға:
- Ата-ана туралы мақал-мәтел айтып көр.
|
Оқушы мәтінді түсініп оқиды.
Тапсырма орындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Өлеңді дауыстап айтып, сергіту жаттығуларын жасайды.
Оқушы өз отбасы, қамқорлық туралы әңгімелейді.
|
Дескриптор:
«Ата-ана», «ататек» сөздерінің мағынасын ашады-2 балл.
Суреттегі ататек туралы әңгімелейді-2балл.
Дескриптор:
-Өз өнері туралы әңгімелейді-3балл.
«Менің атам» тақырыбына ауызша әңгіме құрайды-3балл.
|