Өткен тақырыпқа шолу:
-«Таза бұлақ» шығармасын мазмұндау.
Оқу материалын жариялау «Мюссенберг» әдісі арқылы жүреді:
-Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.
Раэлищнсудыңбгвдпщтқасиетіпдпиужпдқнешстндпкөкқұтанныңэлищщщақылыэлищнаищнаэлищн
- Қандай сөйлем шықты?
-Судың қасиеті дегенді қалай түсінесіңдер? Судың қасиеті бола ма?
- Өлеңді оқыңдар. Пікір білдіріңдер.
Су иесі – Сүлеймен,
Судан балық тілеймін.
Судан балық бермесең,
Үйге барып не жеймін?
- Олай болса, бүгінгі сабақта судың қасиетін білу үшін «Көкқұтанның ақылы» атты мәтінді оқитын боламыз.
Сабақ мақсаты жария етіледі.
|
Жаттығу жасайды.
Мәтінді мазмұндайды
Тақырыпты ашады.
Сұрақтарға жауап береді.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
|
Жаңа білім
15 мин
2 мин
Бекіту
15 мин
|
(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.
А) «Көкқұтанның ақылы» атты мәтінді тізбектей дауыстап оқыңдар.
Ә) Сұрақ-жауап:
- Сүлеймен патша киелі суды ішуден неге бас тартты? Пікір білдіріңдер. Мәтіннен дәлелдер келтіріңдер.
-Бір-біріңе мәтін туралы бағалауға негізделген сұрақтар қойыңдар және жауап беріңдер.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
- Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айт.
Сергіту сәтінде қазақ күйіне билейді.
(Т) 2-тапсырмада «Ашық микрофон» әдісі жүзеге асырылады.
А) Топпен ақылдасып суға қатысты тыйым сөздерді жалғастырып жазыңдар.
1. Түнде су төкпе.
2. Түнде су алуға барма.
3. Лас су төккен жерді баспа.
4. ...
5. ...
Ә) Суды үнемдеу дегенді қалай түсінесіңдер? Осы бағытта
қандай ұсыныстар айтар едіңдер? Топ алдында сөйлеуге дайындалыңдар.
|
- Мәтінді түсініп оқиды.
Сұрақтарға жауап береді.
Билеп сергиді.
-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.
|
Дескриптор:
- Мәтінді түсініп оқиды -1балл.
-Сүлеймен патша киелі суды ішуден неге бас тартқаны туралы әңгімелейді-2балл.
Бір-біріне мәтін туралы сұрақтар қояды және жауап береді-2балл.
Дескриптор:
- Суға қатысты тыйым сөздерді жалғастырып жазады-3балл.
Суды үнемдеу жолдарын айтады-2балл.
|
Оқулық
|