Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
8 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу:
-Өткен тақырыпты мазмұндаңдар.
-Өткен тақырыптарға байланысты бір-біріңе сұрақ қойып, жауап алыңдар.
Оқу материалын жариялау «Жедел жауап» әдісі арқылы жүреді:
-Айналадан қандай дыбыстарды естіп тұрсыңдар?
-Дыбыс бізге қалай естіледі деп ойлайсыңдар?
-Дыбыс неден тұрады?
-Олай болса, бүгінгі сабағымызда дыбыстың шағылу маңызын анықтайтын боламыз.
Сабақ мақсаты жария етіледі.
|
Ширату жаттығуларын орындайды.
Өткен тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді.
|
Оқушының жауабын толықтыру немесе тиімді кері байланыс жасау.
|
|
Жаңа білім
15 мин
2 мин
Бекіту
15 мин
|
(Ұ) 1- тапсырма «Ашық микрофон» әдісімен орындалады.
А) Сөздік жұмысы.
Жаңғырық, дыбыстың шағылуы.
Ә) Суретпен жұмыс.
Суреттерге мұқият қараңдар.
-Эврика «Жоғарғы қабатта көше шуы бәсең естіледі» деді.
-Сендер Эвриканың сөзімен келісесіңдер ме?
-Дыбыс қалай таралады? Оның таралуына қашықтық әсер ете ме?
-Негеш пен Эврика қайда жүр?
-Негеш не істеп тұр деп ойлайсыңдар? Суреттегі сызықтар нені білдіреді?
-Балалар тағы қандай дыбыстарды естуі мүмкін?
-Ол дыбыс неліктен пайда болады деп ойлайсыңдар?
-Шағылу деген не?
-Дыбыстың шағылуы мүмкін бе? Ойларыңды түсіндіріңдер.
Б) Мәтінмен жұмыс.
-Мәтінді түсініп оқыңдар.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, достарыңнан жауап ал.
Сергіту сәтінде қазақ биін билету.
(Т, Д) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен жүзеге асырылады.
А) Бақылау.
-Суреттегі құбылыстарды түсіндіріңдер. Осындай құбылысты тағы қайдан кездестіруге болады?
-Аспаптардың дыбысы қалай күшейеді?
Ә) Зерттеу.
-Шағылған дыбысты қалай естуге болады?
Б) Ойлан.
-Орманда адасып кеткен адамның тұрған орнын дауысына қарап анықтау қиын. Нелңктен?
|
Сөздікті жазып, жаттайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Тапсырмалар орындайды.
Билеп сергиді.
Мәтінді оқиды, бақылайды. Сұрақтарға жауап іздеп, жауап береді.
|
Дескриптор:
- Сөздікті жазып, жаттайды-1балл.
- Жоғарғы қабатта көше шуы бәсең естілуі туралы әңгімелейді -2балл.
- Дыбыстың таралуы анықтайды-1балл,
Тауда дыбыстың жаңғыруы туралы әңгімелейді-1балл.
Дескриптор:
-Суреттегі құбылыстарды түсіндіреді-2балл.
- Аспаптардың дыбысы қалай күшейетіні туралы әңгімелейді-2балл.
Шағылған дыбысты қалай естуге болатынын айтады-1балл.
|
«Жараты-лыстану» оқулығы 4-сынып 2019ж
|