Сабақ Бөлім: Тіл және сөйлеу Педагогтің аты-жөні: Сиитова Жанаргуль Күні



бет2/4
Дата10.02.2023
өлшемі60,26 Kb.
#66949
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ана тылы 1сабак

Оқулықпен жұмыс
Интербелсенді тақтаға назар аударады (оқулықтағы сурет көрсетіледі).
1-жаттығу ауызша орындалады. Алдымен мұғалім сөйлемдерді дауыстап оқып береді.

  • Аңсар кіммен сөйлесіп тұр?

  • Олар не жайында сөйлесіп тұр деп ойлайсыңдар?

  • Айналасында нелер бар?

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жер бетінде алуан түрлі тіршілік иелері бар. Солардың ішінде адам ғана сөйлей алады. Олай болса, бүгінгі сабағымыз «Сөйлеу не үшін қажет?» деп аталады.

2-жаттығуда өлеңмен жұмыс жүргізіледі.
– Балалар, құстар, жануарлар сөйлей ала ма, қалай ойлайсыңдар?
Алдымен өлеңді мұғалім дауыстап, мәнерлеп оқып береді.

Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.

«Топтастыру» бойынша
«Сөйлеу не үшін қажет?» сұрағына топтастыру жасайды. Сөйлеу адамға біреумен тілдесу, ұғынысу, әңгімелесу, пікірлесу үшін қажет екенін айтады.


  1. жаттығудағы сөйлемдерді оқиды. Мәтінде қандай ой айтылғанын суреттің көмегімен және мұғалімнің түсіндіруімен ұғынады. Қойылған сұрақтарға жауап береді.



  1. жаттығуда оқушылар

«Түртіп алу жүйесі» бойынша өздеріне түсініксіз сөздерді жай қарындашпен белгілеп отырады.

ҚБ. «Отшашу» арқылы бір-бірін бағалау.

Топтық тапсырмалар




21



22






Сөздік жұмысы жүргізіледі.
Өлең мазмұнына талдау жасалады.

  • Жануарлар, аңдар сөйлей ала ма екен?

  • Балалар, құстар да, аңдар да, тіпті өсімдіктер де өз тілдерінде сөйлейді, дыбыс шығарады. Ғалымдардың анықтауынша, өсімдіктің бір жапырағын жұлып алсаң, қатты шыңғырған дыбыс шығарады екен. Бірақ біз оны естімейміз. Сондықтан әрбір тірі ағзаға, құстар мен жануарларға қамқорлықпен қараған дұрыс.

Балалар өлең соңындағы сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор:

Барлық оқушы бір өлең жолынан тізбектей түгел оқып шығады.
Бейнекөріністен табиғаттағы судың, құстардың дыбыстарын естиді. Құстардың өз тілдерінде сайрайтынын ұғынады.







Дәптермен жұмыс
А дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында, яғни барлық буынында кездесетініне назар аударады. Сауатты, көркем жазуға дағдыланады.
(Мұғалім оқушының орындықта түзу, орнықты отыруына назар аударады.) Сергіту сәті




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет