3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырып: «Тағам және сусындар», «Дені саудың-жаны сау»)
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Роботқа арналған программа
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
1.5.2.1. роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастыру.
1.5.1.2. роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушы үшін:
Роботқа арналған программаны жүктеп, іске қосады
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу.
Ширату тапсырмасы. «Мәселенің түйіні» жаттығуы
Бәріміз шеңбер бойына тұрайық. Қолымызды алдымызға созып, көршімізден басқа кез келген адамның қолынан ұстасып тұрайық. Шиеленісіп болсақ, қолымызды жібермей біріміздің арамызда біріміз өту арқылы шешілуге тырысайық. Осы жеткен жерімізден тоқтайық. Қандай мәселенің де шешімі бар. Ол үшін сабырлы болып, асықпаған жөн. /Бұл жаттығу оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды көңіл-күй сыйлайды/.
Оқушылар шеңбер бойында тұрып үш-үштен санап, үш топқа бірігеді.
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
«Ой қозғау» әдісі.
Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.
Екі ойыншықтың қандай айырмашылығы бар?
Ойнауға қайсысы қолайлы (1-сурет)?
Бұл машиналарды не үшін қолданады?
Программа дегеніміз не? Есіңе түсір?
ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.
Жасыл түс – «Жарайсың!»
Сары түс – «Жақсы!»
Қызыл түс – «Талпын!»
Жаңа сабаққа дайындық.
Жаңа сабаққа кіріспе. Оқулықпен жұмыс істеу
(МК, Ұ): «Мені түсін» әдісі
Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөз жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз деп танылады. /Бұл тапсырмадан оқушылар жаңа сабақтың негізгі ақпаратынан хабардар болады. Әрі жаңа сабақты түсінген немесе түсінбегені айқындалады/.