Сабақтың соңы
7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия
|
(Ө): «Оқушылар сұрақ қояды» әдісі.
Оқушыларға бүгінгі өтілген сабақ бойынша қорытындылау мақсатында сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар сыныптастарға, мұғалімге қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту құралы ретінде қолданылуы тиіс.
Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған «Сұрақтар қорапшасы» оқушылар үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып табылады.
Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін болдырмауға көмектеседі.
|
Мысалы:
Программаны роботтың басқару блогына қалай жүктейді?
Қозғалысты басқаруға әр түрлі командалық блоктарды қолдану немен байланысты деп ойласың?
|
|