Сабақ. Бөлімі: 3в шамалар. Уақытты бағдарлау Педагогтің аты-жөні: Салимбек Аяжан Батырбекқызы Күні



бет2/3
Дата26.04.2023
өлшемі288,49 Kb.
#87043
түріСабақ
1   2   3
Мағынаны тану
10-15

Жаңаны ашу.
Сағаттың бірнеше тілі бар. Соларды қарастырайық. Олардың ұзындықтары әркелкі. Қысқасы – сағаттық тіл, олар (сағат саны), ал ұзыны – минуттық тіл (минут саны).

Сағат тілінің қалай жылжитынын сендер білесіңдер.
- Ал минуттық тіл ше? Ол қалай жылжиды? (бір кіші сызықтан келесісіне.)
- Қысқа тіл бір цифрдан келесісіне жылжығанша ұзыны барлық дөңгелекті айналып үлгереді. Ал сағаттағы цифрлары бар дөңгелек циферблат деп аталатынын сен білесің.
- Циферблатта қанша кішкене сызықшалар бар екенін білесіңдер ме? (60)
- Бір кішкене сызықшадан келесісіне дейінгі арақашықтық минут деп аталады. Қай тіл осылай жылжиды? (минуттық), яғни арақашықтық … деп аталады (минут).
- Ал минуттық тіл жүріп өтетін барлық дөңгелек ... деп аталады (сағат).
- Сонымен бір сағатта неше минут бар? (60 минут.)

Минуттық – ұзын тіл – 12-ні көрсеткенде, сағат толық бір сағатты көрсетеді.
Сағаттың неше болғанын анықтаңдар? (Мұғалім әртүрлі уақытты көрсетеді, балалар жауап береді).


Сағаттың моделімен танысады.


Сағаттық және минуттық тілімен танысады.




Оқулық,
дәптер.
Сағат
моделдері

15-20

Жаңаны қолдану
Оқулықтағы №1 тапсырманы орындайды. Неше минут өтті?

Бірінші сағаттың сағат тілі нешені көрсетіп тұр?(бірді)
Минуттық тілі нешені көтсетіп тұр? (екіні)
Он екіден екіге дейін неше кішкентай сызықша бар? (он)
Ендеше сағат қандай уақытты көрсетіп тұр? (1 сағат 10 минутты)
Оны қалай атауға болады? (Бірден он минут кетті)
Екінші сағаттың сағат тілі нешені көрсетіп тұр?(бірді)
Минуттық тілі нешені көтсетіп тұр? (төртті)
Он екіден бірге дейін неше кішкентай сызықша бар? (бес)
Он екіден төртке дейін осындай бес кішкентай сызықшадан нешеу бар? (төрт, яғни бесті өз-өзіңе төрт рет қоссақ жиырманы аламыз)
Ендеше сағат қандай уақытты көрсетіп тұр? (1 сағат 20 минутты)
Оны қалай атуға болады? (Бірден жиырма минут кетті)
Бірінші сағаттағы уақыттан екінші сағаттағы уақытқа дейін сағат тілі өзгерді ме? (жоқ)
Минут тілі өзгерді? (иә)
Неше минут өтті? (он)

Сағаттың моделінде көрсетілген уақытты анықтауды үйренеді.
Анықталған уақытты дұрыс оқуды үйренеді.

Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады.

Оқулық,
дәптер.



20-25



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет