Сабақ Бунақденелілердің қарапайым тоғышарлары. Қарапайымдыларды қолдану мүмкіндіктері



бет3/3
Дата07.01.2022
өлшемі20,6 Kb.
#17587
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
5-биокоргау

Диплогастерид тұқымдасы. Денесі ұршық пішінді болады, өңеші аздап жуандаған. Аналығының жыныс бездері қосарланған жəне вульва- сының екі жағына орналасқан. Бұл тұқымдас өкілдері көбінесе топырақта, суда, өсімдік шіріктерінде тіршілік етеді. Онда бактериялар жəне басқа микроорганизмдер қорек етеді. Олардың ішінде пристионхус туыс өкілдері бунақденелермен байланысты болады. Pristionchus uniformis fed. нематодасы бактериялармен селбестік тіршілік етіп колорадо қоңызын қыстау кезінде өлімге соқтырғаны белгілі болды.

Аллантонематидтер тұқымдасы. Нематод кутикуласы сақиналы, ауыз мүшесі өткір найза сияқты. Ерекшелігі əсіресе жыныс бездері жақсы дамыған. Тұқымдас өкілдерінде барлық тіршілік түрлері кездеседі. Айталық иесін көлік ретінде пайдаланушы, міндетсіз жəне міндетті бунақденелердің ішегінде немесе ішек қуыстарында тіршілік етушілерде кездеседі.

Өсімдікті биологиялық қорғаудың маңыздыларына Allantonema мен Howardula туыс өкілдері жатады. Мысалы, A.mirabile Lenck. нематодасы қарағай бізтұмсығының паразиттері. Табиғатта оның қоңызды мекендеу дəрежесі кейбір кездерде 20-50% жетеді.



Мермитидтер тұқымдасы. Жіңішке жіп тәрізді нематодалар.Дене ұзындығы 10-30мм және диаметрі 0,2-0,5мм дейін жетеді. Кутикуласының беті жалаңаш. Өңеш еттері нашар жетілген.Аталығының аналь тесігі жақсы байқалады және ол арқылы спикуласы сыртқа шығып тұрады. Аналығының жыныс бездері ұзын.

Нематодтың әртүрлі даму фазалары ие денесінде, сол сияқты одан бөлек топырақта да қыстайды. Жұмыртқадан шығатын бір жастағы дернәсіл инвазиондық деп аталады, өйткені ол иесінің денесіне енуге тиіс. Кейбір түрдің инвазиондық дернәсілдері иесіне бірнеше айға дейін күту кезінде өзінің май қорымен қоректенеді. Олар бунақденелілер денесіне қорекпен немесе тері қабық арқылы енеді.

Дернәсілдердін ие денесіне дамуы бір айдан жылға дейін созылады, Дамып жетілген дернәсіл түлейді де, иесін тастап аналь немесе ауыз қуысы арқылы сыртқа шығады. Сыртқа шыққан нeматодтар қоректенбестен қайтадан түлейді және бірнеше aналықтар мен аталықтан тұратын түйнекке жиналады. Гонадтар жетіліп шағылысуы судағы түрлерде 10-15, кұрғақ жерде бірнеше айға созылады. Аналықтар жұмыртқаларын топыраққа салады, онда нематода дамиды немесе оларды өсімдікке жапсырады.

Мермис туысы нематодасының жұмыртқалары қабыкпен жабылған өскіндері болады. Өскіндері субстратка жабысуы манызды. Аналықтың өсімталдығы кейбір түрлерде 1000-нан 6000-ға дейін жұмыртка салады.



Аталмыш тұкымдас өкілдерінін қоректік маманданғыштығы дернәсілдерінің ұзақ дамуы және айыру белгілерінің қиындығына байланысты әлі де көп зерттеуді қажет етеді.

Mermis longissima Fedtch. нематодасы азиялық шегірткенің тоғышары; Нехаmermis albicans Sieb. колорад қонызының, жұпсыз жібек көбелегінің, қырыққабат және баска да көбелектердің тоғышары екендігі анықталды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет