Сабақ Дұрыс жауабын сәйкестендір Хан



бет2/2
Дата04.04.2023
өлшемі38,49 Kb.
#79433
түріСабақ
1   2
Байланысты:
4 сабақ

Оңашаланған айқындауыш:түс таянғанда,…
Қосарлы айқындауыш:Сейдахан болыс,…
6.Айқындауыштарды тиісті орнына қой.
Ауыл балалары.Ербол ғана.Байсал,Қаратай,Сүйіндіктер.Әсіресе жеңіл тілмен жазылған романдарды

Біз () қыс болса ол кісінің отынын жарып беруге, жаз болса бұзауын айдап келуге таласып жүреміз. (Ғ. М.) Абай бұл сырдың шет жағасын досына


() сездірді. Құнанбайдың қасындағылар – () - осы сөзге тоқтасты. Мағаш пен Кәкітай бұл күндерде орысша кітаптарды () көп оқитын. (М. Ә.)


7..Суреттерге қарап тұлғаларды таны.



1 әл-Фараби



әнші



2 Бұқар



батыр

3 Амангелді



ақын

4 Құрманғазы

жырау

5 Күләш

суретші

6 Абылай



ұстаз

7 Шоқан

сері

8 Жамбыл

хан

9 Қабанбай

ғалым

10 Ыбырай

ғарышкер

11 Ақан

ақын

12 Шара

күйші

13 Ә.Қастеев

биші

💡Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды деп ойлайсыз?


Мына фактілерге назар аударыңыз
Қазақ хандығы құрылғанда Леонарда да Винчи 13 жаста болды.
Қазақ хандығының құрылуы мен Колумбтың Америкаға жету арасы 27 жыл.

Қазақ жерінде ежелгі дәуірден бастап сақ, ғұн, үйсін, қаңлы сияқты мемлекеттер, орта ғасырларда Түркі, Батыс Түркі, Түргеш, Қарлұқ, Қимақ, Қыпшақ т.б., моңғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңдерде Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттер болды.


Ал Қазақ хандығының құрылуы «жаңа мемлекеттік жүйенің» басталуы болды. Қазақ халқы қалыптасуға бет бұрған кезеңде халықтың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, дамуға деген талпынысын қамтамасыз ете алатын жалғыз фактор – мемлекет тұтастығының болуы еді.
Мұндай қоғамдық сұранысты дер кезінде түсінген Керей мен Жәнібек болды.
Қазақ хандығы шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері ұлан-байтақ Орта Азияны мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ құраған қазақ халқының бірігуі арқылы XV ғасырдың орта шенінде құрылды.
Қазақ хандығының құрылуына  1457 жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті Қыпшақтан Батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.
Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға қоныс аударған қазақтарды Әбілқайырға қарсы пайдалану үшін оларды құшақ жая қарсы алып, қоныс берді. Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілқайыр хан дүние салды да, Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билік жүргізе бастады...».
Алғашында Қазақ хандығының территориясы Жетісу жерінің батысы, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілқайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, тұрмыстарын түзей бастады. Олардың қоныс аударуына Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қызметтері ықпал етті.
Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыды.
Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархия болды. Мемлекет басшысы – хандар саяси билік жүргізді. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланып отырды. Қазақ хандығының тұңғыш ханы — Керей, соңғы ханы — Кенесары Қасымұлы.


1.Жалқы есімдерді теріп жаз.
Ақ Орда,…
2.Мемлекет билеушісі қалай аталады?

  1. Хан

  2. Қаған

  3. Сұлтан

  4. Төре тұқымы

3.Қазақ хандығын кім құрды?

  1. Әбілқайыр

  2. Есенбұға

  3. Керей мен Жәнібек

  4. Шыңғыс хан

4.Қазақ жерінде моңғол шапқыншылығынан кейінгі кездегі мемлекеттер

  1. Ақ Орда

  2. Қарлұқ

  3. Қимақ

  4. Түргеш

5.Мемлекет билеушісін кімдердің арасынан таңдап,сайлады?

  1. Халықтың

  2. Сұлтандардың

  3. Хандардың

  4. Байлардың

💡Егер сіз жаңадан мемлекет құрсаңыз алғашқы қадамыңыз қандай болар еді?
https://youtu.be/wId-5QqC0kU



1.Қай ханның тұсында қазақ халқы 1млн.болды?
2.«Қасым ханның қасқа жолы» деген не?
3.Қасым хан кімнің ұлы?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет