Дескрипторға сәйкес өзін- өзі бағалау тәсілін қолданамын.Бағалаудың негізінде кестеге белгілерді орналастыру арқылы оқушының тақырып бойынша меңгерген білімі жайлы талдау /анализ/ жасаймын.
-Сабақ жоспарын жасауда басқа пәнмен байланыс қажет болған жоқ. Себебі тапсырма құрылымы өз пәніме негізделген.
- Қауіпсіз ортада жұмыс жасағандықтан, тапсырмалар оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына еш зияны жоқ.
- Сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамыту мүмкіндігі бар:1-4-тапсырмалар сын тұрғысынан ойлау технологиясы ойлау деңгейлерінің Блум таксономиясы стратегиясына сәйкес жасалды.
Ойлану Сабақ
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
мақсаттары/оқу
мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттары жүзеге асырымды болды.Әр тапсырма мақсатқа негізделінді. Оқушылардың жаңа білімді меңгеруіне мүмкіндік берілді. Дәлел:
-Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу мақсаты нақты;
-Тапсырмаларды орындай отырып,көзделген мақсатқа жету мүмкіндігі сабақ құрылымында жасалған;
-Сабақ мақсаттары оқу мақсатына негізделген, оқушылардың қабілеттері ескере отырып құрылған. Дәлел: қабілеті жоғары оқушыларға қиындау тапсырма беріледі.
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқушылар әңгімедегі басты кейіпкердің портретін сипаттауды,іс-әрекеті арқылы кейіпкерлер образын аша білуді үйренеді.
Жеке,жұппен және топпен жұмыс істей алу қабілеті байқалады. Оқушылар кейіпкерлер образы арқылы адами құндылықтарды (еңбек ету ,адал еңбек) түсінеді.
Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?
Cыныптағы оқу атмосферасы мақсатқа жетуге бағытталған ынтымақтастық. Себебі сабақтың жоспарына белсенді оқытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер («Сыңарын тап», «Кластер жасау», / топтық жұмыс/, «Кейіпкер орындығы»/жеке жұмыс/, суретпен жұмыс) енгізілді.
Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?
Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді. Оның дәлелін жоғарыда атап өткенімдей, сабақтың барлық компоненттерінде нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдауға құрылымдап жұмыс жасаймын.
Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?
Сабақ жоспарланған уақытқа сай келді. Бөлінген уақыт мөлшері сабақ кезеңдеріне сақталды.
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Әр оқушының мүмкіндігі мен қабілетін ескеріп, келесі сабақты жоспарлауда тапсырмаларды соған лайықтай құрамын.