(Д) “INSERT” әдісі, оқулықпен жұмыс. Сөздікпен жұмыс.
Оқушылар «Жаңа білім» бөліміндегі ақпаратпен танысып,
кесте бойынша түртіп алу жүйесімен жұмыс жасалады:
W - білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді; және топ ішінде өзара талдау жүргізіледі.
Сонымен қатар оқулықта кездескен сөздіктерді дәптерлеріне жазып жұмыс жасайды.
Айнымалы – Переменная –Variable, Жол-Cтрока-String;
Мақсаты: оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру.
Тиімділігі: жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды.
Саралау: оқушылардың қажеттілігіне қарай қолдау көрсете отырып түрткі сұрақтар беріледі.
(Ж) Оқушылар алдымен тапсырманы өз бетінше орындау қажет. «Case study» әдісі арқылы біріктірілген жұптар дәптерлерін алмасып, интерактивті тақтада берілген жауабымен тексереді.
1-ші тапсырма. Дәптермен жұмыс.
Логикалық айнымалы деген не? /мәні: ақиқат немесе жалған/.
Сандық айнымалы деген не? /мәні: 15,20, 1,0, 100, 2.5, 10.2 және т.б.с.с/.
Жолдық айнымал деген не? /(мәні: so77s, alma, sport12, сәлем, қалам және т.б.с.с/.
Мақсаты: Нақты болған немесе ойдан шығарған жағдаятты талдау, болжау.
Тиімділігі: Өз ойын ашық айта алады. Оқушылардың оқылым, айтылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады.
Саралау: оқушылардың материалды оңай меңгеруі үшін тапсырманы А деңгейінен С деңгейіне дейін күрделендіремін; бұл тапсырма А деңгейіне жатады.
Бағалау: оқушылар өз жұптарының жауаптарын интерактивті тақтадағы бағалау критерийлеріне сәйкес «Бас бармақ » әдісімен бағалайды.