(Т) «Кластерлер» әдісі бойынша оқушылар постерлерге төмендегі тапсырманы топ ішінде орындап, тақтада қорғап түсіндіру қажет.
3-ші тапсырма. 1-топқа:Scratch программалау ортасында айнымалыларды не үшін қолданады?
2-топқа:Айнымалыларды жобалардың қандай түрлерін құрастыруда пайдаланған тиімді деп ойлайсың?
3-топқа:Айнымалыны пайдаланып, өздеріңе таныс қарапайым жобаның жоспарын ұсыныңдар.
Мақсаты:идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау.
Тиімділігі: топпен жұмыс жанданады. Оқушыларлың алған білімдерін қолдана алу дағдысы қалыптасады.
Саралау: оқушылардың қажеттілігіне қарай қолдау көрсете отырып түрткі сұрақтар беремін. Материалды оңай меңгеруі үшін тапсырманы А деңгейінен С деңгейіне дейін күрделендіремін; бұл тапсырма Б деңгейіне жатады. Бұл тапсырманы түсінбей отырған оқушыларға белсенді оқушылар түсіндіреді, сондай-ақ өзім де қолдау жасап отырамын.
Бағалау: оқушылар қарсы топтардың жауаптарын интерактивті тақтадағы бағалау критерийлеріне сәйкес «Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен бағалайды. Бағалаушы топ әр топтың жұмысын мұқият тыңдап ескертпелерін айтып, критерийге байланысты толық түсінік береді.