Есеп шығару мысалы: Гидравликалық престің кіші поршеніне 200Н күш әсер етеді. Егер кіші поршеннің ауданы үлкеніне қарағанда 25 есе кіші болса, үлкен поршеньге қандай күш әсер етер еді?
F1 = 200 Н
S1 =
F2 = ?
F2 = =
=5000 Н
«Сұрыптау жаттығуы» әдісі арқылы жеңілінен күрделіге қарай есептер шығарады. Топтық жұмыс
А тобы: Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 10см2 Оған әсер ететін күш 200Н. Үлкен поршеннің ауданы 200 см2 Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?
Дескриптор:
Есептің берілгенін жазады.
Формуланы түрлендіріп күштің мәнін анықтайды
Б тобы: Гидравликалық машинаның кіші поршені 100 Н күштің әсерінен 8 см түседі. Егер үлкен поршеннің жүгімен салмағы 1,6кН болса, ол қандай биіктікке көтеріледі?
Дескриптор:
Есептің берілгенін жазады.
Формуланы түрлендіріп биіктігін анықтайды
С тобы: Гидравликалық престің ішіне су құйылған. Поршеннің аудандары S1 =100 см2 және S2 =10см2 . Үлкен поршенге массасы 30кг жүк қойылса, осының нәтижесінде кіші поршень қандай биіктікке көтеріледі?
Дескриптор:
Есептің берілгенін жазады.
ХБЖ келтіреді.
Формуланы түрлендіріп биіктігін анықтайды.
«Қол көтермеу әдісі» арқылы сабақты бекіту. өтілген физ шамаларды білу, өлшем бірліктерін көрсету