Сабақ «Жанды табиғат» бөлімі Сабақтың тақырыбы: Сені қоршаған орта. Симметрия дегеніміз не? Мектеп Күні


Алған білімнің өмірмен байланы- сы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу



бет107/128
Дата16.05.2023
өлшемі367,11 Kb.
#93469
түріСабақ
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   128
Алған білімнің өмірмен байланы- сы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Оқушылар сәулет кешенін қалай жасағанын еске
түсіреді. Олар қандай қызықты жұмыс жасады екен?! Егер нағыз құрылғыларды жасауға дейін әлі уақыт көп болса, қазірше үлкендермен ойын алаңшасын жасауға болады. Мұндай алаңша аулаға сән беріп қана қоймай, балалар мен үлкендерді ортақ іске біріктіреді.
Үлкендер қажетті материалдарды табуға көмектесіп, білетіндерімен бөліседі. Ал сендер үлкендерге ерекше әрі қызықты құрылғыларды ойлап тауып, көмектесе аласыңдар. Ол үшін алаңша үлгісін жасау керек.
Үлгіге әртүрлі материалдар: қағаз, түсті қатырма қағаз, фломастерлер, қарындаштар, желім, қылқалам; табиғи материалдар: кепкен гүлдер, жапырақ, шөп, құм, ұсақ малтатас; керек емес материалдар: қорап, әртүрлі бөтелкелердің қақпағы, бір рет қолданылатын ыдыс, пластика банка және т.б. керек.

Ойын алаңшасының фотосуреттері мен суреттері.

Материал- ды
түсіндіру

Үлгі жасау жолы оқулық бойынша түсіндіріледі. Оқушылармен бірге алаңшаның бөліктері (төбешік, баспалдақ, әткеншек) қалай жасалатынын анықтау керек. Алда жасайтын алаңшаның бірнеше элементін көрсетеді. Мысалы, баспалдақты қалай жасауға
болатынын көрсетеді. Қандай да бір құрылғыны

Оқулық.
Ойын алаңшасының фотосуреттері мен суреттері.




жасауда балалардың идеясын тыңдайды. Оқушылар құрастыра білу қабілеттерін көрсетіп, керек емес материалдарды қалайша пайдалы бұйымдарға айналдыруға болатынын ойланады. Мысалы,
кішкентай бөтелкеден әткеншек, пластик тәрелкеден көпір, стақаннан жаяу жол жасауға болады және т.б. Алаңшаны әшекейлеуге ерекше тоқталу керек. Онда құрылғылардан бөлек бұта, гүлзар, ағаштар да болады. Оқулықта екі мысал келтірілген, оқушылар өз нұсқаларын да ойлап табуларына болады.
Алаңшаның түстік шешіміне де назар аудармаса
болмайды. Ол ашық түсті болып, адамның назарын аударып, көңіл күйін көтеруі тиіс.
Жеке бөліктерін жасау жолдарын талдап болған соң, әрбір топ жасайтын алаңшаларын ойластырады.
Қандай ойын алаңшасын жасайтынын, онда қандай құрылғыларды орналастыратынын, алаңшаның
идеясы қандай... Ол сәкіде гүлдерді тамашалайтын тыныш орын болады немесе баспалдақтарға өрмелеп, төбешіктен сырғанап, әткеншекке отырып, секіретін орын болмақ. Мұнда тағы бір рет дизайнның
міндеттерін еске түсіру керек, ол – беріктік,
ыңғайлылық және әдемілік. Оқушылар жасаған құрылғыларының қауіпсіз әрі ыңғайлы болуын да ойластыру керек. Бұл әзірше үлгі ғана, алайда балалар ойша нағыз құрылғыны жасап жатырмыз деп ойланулары керек. Неше жастағы балаға арналғанын, онда қандай құрылғылар болатынын, қалай
безендірілетінін ескеру қажет. Жұмыстың көлемін топтың ішінде бөледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет