Мұғалім үшін: «жанды табиғат» түсінігімен, таби- ғаттағы әртүрлі нысандармен, табиғаттағы симметрия құбылысымен таныстыру. Екі жағы бірдей
симметриялы бейнелер жасап үйрету.
Оқушылардың шығармашылық міндеті:әртүрлі тәсілдермен симметриялы бейне жасау. №1 жұмыс
дәптерінің 3–5-беттеріндегі тапсырмаларды орындау.
Оқушылардың міндеті
«Жанды табиғат» терминінің мағынасын түсіндіре білу, табиғат нысандарын суреттеу. Оқулықтағы және мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.
Табиғат басты суретші екенін дәлелдеу.
Екі жағы бірдей симметриялы құбылысты түсіндіре білу.
Тірек сөздер:табиғат, жанды табиғат, жанды табиғат нысандары, екі жағы бірдей симметрия, симметрия осі.