Сабақ «Жанды табиғат» бөлімі Сабақтың тақырыбы: Сені қоршаған орта. Симметрия дегеніміз не? Мектеп Күні



бет63/128
Дата16.05.2023
өлшемі367,11 Kb.
#93469
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128
Байланысты:
ЕҢБЕК ҚМЖ 3 сынып

Материалды түсіндіру

Сабақтың басында оқушылар өткен сабақта не істе- гендерін еске түсіреді. Олар сәулетші болып, қиял ұшқырлықтарын көрсетіп, ұжымда және өз бетінше жұмыс істей алатындарын дәлелдеді. Сәулетшінің жұмысы шамамен былай болады: ол алдымен
жобасын ойлап табады, оны қағазға түсіріп, одан кейін көлемді үлгісін жасайды, одан соң есептеп, жоба бойынша ғимаратты тұрғызады. Оқушылар бүгін дәл осылай жұмыс істейді, яғни сәулет кешенінің көлемді үлгісін жасайды. Ол үшін 6–8 адамнан топқа бірігу керек. Жобаның идеясын, ол не үшін керек екенін талқылайды. Жұмысты топта бөліп, кім қандай ғимаратты не оның бөліктерін
жасайтынын бөліседі. Бұл жұмысты жоспарлаудағы маңызды сәт – бірі ғимараттың негізгі бөлігін, енді бірі оның шатырын, бірі баспалдағын, енді бірі
дайын ғимаратты әшекейлейді. Ал қазірше табиғи материалдарды дайындайды, ұсақ бұтақтардан ағашты, кепкен шөптерден күмбезді жасайды.
Сәулет кешеніне әртүрлі пішіндерді (биік және аласа, кең және енсіз, конус тәрізді, шар тәрізді, көпқырлы) қолданса, әлдеқайда қызығырақ көрінетінін назарға алу керек. Егер үйлердің бәрі бірдей биіктік пен өлшемде болса, онда мұндай жоба қызықсыз болады, бәрі ішпыстыратын сәулетшінің жұмысын көреді. Сонымен қатар ке- шеннің түстік шешіміне назар аудару керек:
жобаның идеясы мен қызметіне қарай ол ұстамды, көңілді, сабырлы, жақын (жылы және суық) не қарама-қарсы түс үйлесімінде орындалуы керек.
Оқушылар оқулықты жетекшілікке алып, бірдей жұмыстар жасамас үшін оларды бағыттап отыру керек. Ғимарат пен оның бөліктерін жасап
болғаннан кейін, оларды бір сәулет кешеніне
біріктіреді. Қызықты композиция ойлап тауып, қатырма қағазға барлық бөліктерді орналастырады. Қатырма қағазды жол, көгал, алаң және т.б. салып безендіруге болады. Мұғалім әрбір композицияны тексеріп, кеңес беріп, керек жерінде түзеткеннен кейін, бөліктерді қатырма қағазға бекітеді. Одан соң жұмыстарын таныстырып, онда оқушылар өз
жобалары, идеясы туралы айтып, бұл жоба не үшін керек екенін түсіндіреді. Оқушылар оқулықтағы сұрақтарға жауап береді (62-бет).

Оқулық. Суретшілердің сәулет кешенін бейнелеген жұ- мыстарының ре- продукциялары. Ерекше сәулет кешенінің фото- суреттері.
№2 қосымшадағы материалдар.

3-сыныпқа арналған CD-диск.


http://nashakrepost.ru
/masterim-svoimi- rukami/kak-sdelat- maket-doma.html
http://www.maam.ru/ detskijsad/oznakomle nie-detei-s-tehnikoi- bumazhnoi- arhitektury- 154736.html



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет