Сабақ. Жасушаның бағдарланған өлімінің (апоптоздың) молекулалық-генетикалық механизмдері Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: 1) Апоптоз: анықтамасы, типтері



бет1/4
Дата22.12.2022
өлшемі24 Kb.
#58982
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Ақпараттық блок Жасушаның бағдарланған өлімінің (апоптоздың) мР2


14 сабақ. Жасушаның бағдарланған өлімінің (апоптоздың) молекулалық-генетикалық механизмдері

Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:


1) Апоптоз: анықтамасы, типтері
2) Апоптоздың себептері.
3) Апоптоздың даму сатылары.
4) Апоптоз үдерісінің генетикалық бақылануы.
5) Апоптоздың медициналық маңызы.


Ақпараттық-дидактикалық блок:
Жасушалар белгілі бір уакыт аяғында қызмет атқарады және олардың тіршілігі өліммен аяқталады. Сомалық жасушалардың бөліну саны алдын-ала бағдарланған, шектеулі.
Барлғы болмаса да, көпшілік жасушалар ағзаға қажетсіз болғанда немесе көп зақымдалған жағдайларда ішкі генетикалық бағдарламалардың активтелуі нәтижесінде өзін-өзі жою қабілетіне ие болады. Мұндай жасушаның өлуі бағдарламасының іске асуы морфологиялық өзгерістермен сипатталады. Бұл жасушаның жойылу түрі апоптоз (жапырағынан айырылған өсімдікті сипаттау үшін қолданылатын грек терминінен шыққан) деп аталады.
Жасушаның бағдарланған өлімі барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адамға да тән. Күніне адам ағзасында бірнеше ондаған миллиардтаған жасушалар жойылып отырады. Жойылған жасушалардың орны бөліну нәтижесінде (митоз) пайда болған жас жасушалармен толықтырылып отырады.
Бағдарланған жасуша өлімінің екі типін ажыратады: «ішкі» апоптоз және «бұйрық бойынша» апоптоз.
«Ішкі» апоптоз - жасушаның өзіне деген қанағаттанарлықсыз жағдайынан болады.
а) хромосомалардың қатты зақымдалуы (репарацияланбайтын немесе нашар репарацияланатын): хромосомалардың дұрыс сегрегацияланбауы, ДНҚ конформациясын бұзатын көптеген үзілулер, тізбектер арасындағы тігілулер және т.б.
б) жасуша ішілік мембраналардың (митохондриялардың), оның липидтерінің күшті тотықтырғыштар нәтижесінде зақымдалуы. 
«Ішкі» апоптоз жасушаның генетикалық материалы, органоидтары зақымдалғанда және қартайғанда іске қосылады. Апоптозға алып келетін жасушаның құрылымының бұзылары өте күшті болмауы керек.  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет