Көркем еңбек сабақтарының түрлері. Көркем еңбекті оқыту әдістемесінде сабақтарды жіктеу үшін әртүрлі белгілер қолданылады: теориялық білімді немесе практикалық жұмыстарды зерттеудің басым болуы, басым дидактикалық мақсаттар мен міндеттер, өзіндік оқыту әдістері. Осы белгілерге сәйкес: аралас сабақ, теориялық сабақ, практикалық сабақ, зертханалық жұмыс сабағы, техникалық мәселелерді шешуге арналған сабақ, бақылау-тексеру сабағы. Көркем еңбек сабақтарының түрлері бір-бірінен құрылымымен ерекшеленеді. Бұл сабаққа кіретін элементтердің жиынтығын, олардың реттілігі мен өзара байланысын білдіреді. Жалпы сабақтың түрлерін қарастырсақ:
Сабақ түрлері және оның құрылымы Түсіндіру сабақтары: Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында. Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында. Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында. Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында. Пысықтау сабақтары: Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау. Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту. Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету. Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру. Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау. Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру. Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау. Сынау сабақтары: Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру. Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру. Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту. Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.