Көркем еңбекті оқытудың көрнекі әдістерінің ерекшеліктерін ашу Иллюстрация плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі Демонстрация заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі
Жаттығу әдісіне қойылатын талаптар: • оны орындауға деген оқушылардың саналы көзқарасы; • жаттығуларды орындаудағы дидактикалық сабақтастық: алдымен оқу материалын түсінуге көмектесетін, содан кейін есте сақтауға, қолдануға, оқылғанды жаңа жағдаяттарда өздігінен, шығармашылықпен қолдануға, жаңа материалды бұрын меңгерген білім, іскерлік және дағдылар жүйесіне қосуға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындау
Көрнекілік – оқу материалын оқушы көңіліне оңай да, әсерлі жолмен жеткізуші көмекші құрал.
Көрнекіліктің маңызы, тиімділігі неде? 1. Білім мазмұнын байыта түседі. 2. Есту арқылы алған білімін көру арқылы бекіте түседі. 3. Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырады, ойлау, таным белсенділіктерін, көркем тілін дамытады. 4. Эмоциясына әсер етеді. 5. Алған білімдерін практикада жүзеге асыруға жетелейді.
Көрнекілікпен оқытудағы басты мақсат – оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру. Өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету. (К. Д. Ушинский)
өрнекіліктерді қолдан жасау – аса күрделі дүние. Оған қойылатын басты талаптар мыналар: Жазуын соңғы партада отыратын бала да оқи алатындай болу керек. Көркемдеуі, безендіруі, бояулары әлем-жәлем емес, қарапайым, оқушы жан жүйесіне, көру қабілетіне кері әсер етпейтіндей, мектеп гигиенасына сай жасалуы керек. Қолдануға оңай әрі мазмұнды болуы керек. Тұжырымдылық, нақтылық, ғылыми жағынан тереңдік те басты шарт
Сабаққа қажетті дидактикалық көрнекі құралдардың түрлері: Заттық, образдық, графикалық Синтетикалық, синхроникалық кестелер Буклеттер, альбомдар Кеспе, үлестірмелі қағаздар Тірек сигналдары Техникалық оқу құралдары
Заттық, образдық, графикалық Көркемсөз шеберлерінің өмір жолын, шығармашылығын оқыту үстінде қолданылатын заттар, бейнелі суреттер (портреттер) шығармашылығы, өмір жолының сандық тізбектері Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсіреповтың өмірі, шығармашылығы туралы баяндалғанда соларға байланысты бейнелі, тарихи мәні бар суреттері, туған жердің сұлу табиғаты, ақын-жазушылар жүрген жағрафиялық аймақтары, музейі, ескерткіштері, жерсу, мекендердің аттарын тиімді пайдалану.
Синтетикалық, синхроникалық кестелер Буклеттер, альбомдар • Арнайы ақын-жазушылардың шығармаларына тақырыптық бейнеде, • Образды бейнеде берілетін кестелер. • Ақын-жазушылардың өміржолына арналып жасалатын бейнелі суреттер.
Тірек сигналдары Кеспе, үлестірмелі қағаздар • Тірек конспектісі – негізгі материалдан ең негізгілерін бөліп алу керек. • Тірек плакаты – ақынжазушылардың даталы, тарихи оқиғалары мен шығармаларының аты қай жылы жазылған анықтамасының көрсеткіші. • Жеке ақын-жазушылардың көркем шығармалары бойынша жасалады. • Оқушының өзіндік, шығармашылық жұмыстарды орындау мақсатында пайдаланады
Көруге негізделген көрнекіліктер • Иллюстрациялар, бейнелеу өнерінің туындылары, мүсін, сәулет өнерінің шығармалары, графикалық материалдар (сызба, кесте-плакат), портрет, фотографиялар, макеттер, альбомдар Естуге негізделген көрнекіліктер • Ақын-жазушылар даусы, шығармалары жазылған күйтабақтар, не олар туралы үнтаспаға жазылған естеліктер, музыка туындылары, ертегі, батырлар жыры, әңгіме, өлеңдер, артистер оқуындағы басқа да шығармалар Көру, есту көрнекіліктерінің екеуіне де жататын • Кино, телехабарлар оқу фильмдері