Сабақ және оның құрылымы


Көркем еңбек сабақтарының түрлері



бет27/74
Дата29.12.2023
өлшемі0,73 Mb.
#144805
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74
Байланысты:
Жалпы қағаз туралыыыыыыыыыыыыы

Көркем еңбек сабақтарының түрлері.
Көркем еңбекті оқыту әдістемесінде сабақтарды жіктеу үшін әртүрлі белгілер қолданылады: теориялық білімді немесе практикалық жұмыстарды зерттеудің басым болуы, басым дидактикалық мақсаттар мен міндеттер, өзіндік оқыту әдістері. Осы белгілерге сәйкес: аралас сабақ, теориялық сабақ, практикалық сабақ, зертханалық жұмыс сабағы, техникалық мәселелерді шешуге арналған сабақ, бақылау-тексеру сабағы. Көркем еңбек сабақтарының түрлері бір-бірінен құрылымымен ерекшеленеді. Бұл сабаққа кіретін элементтердің жиынтығын, олардың реттілігі мен өзара байланысын білдіреді. Жалпы сабақтың түрлерін қарастырсақ:
Сабақ түрлері және оның құрылымы
Түсіндіру сабақтары:
Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында.
Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.
Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында.
Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.
Пысықтау сабақтары:
Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау.
Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту.
Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету.
Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.
Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.
Сынау сабақтары:
Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет