Сабақ және оның құрылымы


Қағаздан киіз үйді құрастыру



бет47/74
Дата29.12.2023
өлшемі0,73 Mb.
#144805
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74
Байланысты:
Жалпы қағаз туралыыыыыыыыыыыыы

Қағаздан киіз үйді құрастыру.
Киіз үй туралы түсінік. Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады. Кереге әдетте екі түрлі болады. Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады. Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді. Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді. Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады. Киіз үй - «Атамыз-Алаш, керегеміз-ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп аталады сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ – мекені. Солай бола тұрса да оны қастерлеп ұстап, ғасырдан-ғасырларға оның мән –маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.
Киіз үй аз уақыт аралығында тігуге де, жинауға да ыңғайлы. Көшіп-қонуға қолайлы болғандықтан, малшылар оны қазір де көп қолданады. Киіз үй тегіс, су жүрмейтін құрғақ жерге тігіледі.
Киіз үй – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Көшіп қонуға ыңғайлы, жер сілкінісіне төтеп беретін ең қолайлы жәдігер. Киіз үйдің жалпы
салмағы жиһаздарымен қосқанда 300-400 келіге жуық. Бұл салмақты бір түйе еркін көтере алады. Кереге, шаңырақ, уық, сырқырлауық – киіз үйдің негізгі бөлшектері. Соның ішінде —Кереге киіз үйдің негізгі қаңқасы болып есептеледі
Қатырма картон қағаздан диаметрлері 12,10,8,6,4 см болатын дөңгелек пішін қиямыз. Оларды қос-қостап бір-біріне жабыстырамыз. Кейін үстіне дөңгелек пішінді губканы желімдеп,матамен қаптаймыз.Содан бетін әшекейлейміз.
Киіз үйдің қабырғасын дайындау:
6 және 6,5 см болатын картон қиямыз.Оның сыртын матамен қаптап,екі қапталған картонды бірінің ішіне бірін саламыз.Содан кейін түбін дайындап алып жабыстырымыз.Дайын болған қабырғасын қақпағына есік арқылы біріктіріп, жұмысымызды аяқтаймыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет