Өңдеу әдістерін таңдау. Дайын бұйымның сапасы көп жағдайда бұйымды өңдеу жүйелілігінің дұрыстығы мен әдістеріне, яғни технологиясына байлансты. Технология грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік деген сөз. Технология-өндірістің тиісті құралдары арқылы шикізатқа, материалға әсер ету әдістері, сондай-ақ шикізаттан және материалдардан белгілі бір бұйым жасаудың жүйелілігі туралы ғылым. Бұйымды құрастыруға, яғни матадан пішілген барлық бөлшектерді (алдыңғы бой, артқы бой, және т.б.) бір-біріне қосуға кіріспестен бұрын, бұл бөлшектерді сәйкесінше әзірлеу қажет. Бөлшектерді әзірлеу-әрбір бөлшекті өңдеуге арналған операциялар, оларды басқа бөлшектермен қосуға дейін аяқталуы тиіс. Бұйым бөлшектерін құрастыру белгілі бір жүйелілікпен жүргізіледі. Алайда бұйымды әзірлеу жөнінде қатып қалған бір жүйелілік жоқ. Өйткені ол үлгіге және өңдеу жолдарына байланысты бірнеше рет өзгеруі мүмкін.
Алғашқы өлшеу. Өлшеу кезінде: түйреуіштер, бор, сантиметрлік таспа, 50 см сызғыш керек. Өлшемдерді өткізу адам денесінің оң жағынан жүргізеді. Егер тұлға симетриялы болмаса, онда екі жағынан бірдей өлшейді. Өлшеудегі міндет киімнің пропорциясына, адам денесіне үйлесімділік, сызықтарына-көлемі мен ара қатынасы дұрыс келтіре білуге тырыс.
Бөлшектерді әзірлеу. Барлық ұсақ және өңдеу бөлшектерін әзірлеу: жаға, қаттама, қалталар және т.б. Бөлшектерді әрлеп үтіктеп, осы күйінде құрастырып жинағанға дейін, сақтап қою керек.
Артқы бойды әзірлеу: бүкпелерді, бедерлі сызықтарды және т.б. өңдеу.
Алдыңғы бойды әзірлеу: бүкпелерді, қатпарларды өңдеу және т.б. бастыра тігу.
Бұйымды әрлеп үтіктеу
Фурнитураны қадау.
Фурнитура – бұйымды әшекейлеу және киім киген кезде қолайлы болу үшін қолданатын көмекші материалдар. Кез келген бұйымды тігер кезде оны әзірлеу жөнінде алдын ала жоспар ж
Мүсіндеудің әдісін орындау технологиясы. Мүсіндеу – бейне кескінін пластилин немесе саз балшықтан жасауда, оның негізгі бөлігіне қосымша материалдарды жапсыра отырып ауқымды денені алу болып табылады.. Саз – тау жынысынан алынған тұнба. Ол сумен араласа отырып жұмсақ, нәзік, тұтқыр, әртүрлі форма алынатын және кебе отырып бастапқы формасын сақтап қалуға мүмкіндігі бар. мүсіндеу жұмысына сазды дайындау төмендегідей болады: кепкен сазды ұсақтап ыдысқа салады. Әрбір ұсақ түйіршегін ыдысқа салуда жеке-жеке бөліктеріне су құйып тұрады. Біртұтас саз қамырын алғанша қолмен араластырады. Егер саз қолға жабыспаса, онда саз дайын болғаны. Дайын сазды ылғал шүберекке орап салқын жерге қойып қояды. Дайын саздан бұйымдар жасап, оларды ауа температурасындай бөлмеге кептіріп кейін муфельді пешке (900 градус) күйдіреді. Пластилин – балауыз, сала және саз құрамынан жасалған материал. Ол жұмсақ және қозғалмалы, өзінің жұмсақтық қасиеті ұзақ уақытқа дейін сақталады. Орындалған бұйым деформацияланбайды, жарылмайды. Бірақ, температураның артуына байланысты пластилин жұмсарып деформацияланады, кейде еріпте кетеді. Пластилин материалымен оқу процессіне қолдану сазға қарағанда әлде қайда қолайсыз болып келеді. Сондықтан оқу процессінде саз ең ұтымды және қолайлы материал болып табылады. Мүсіндеу жұмыстарының барлығы адамның саусақтарымен орындалады. Үйлесімді саусақпен және алақан мүсіндеудің шығармашылық туындыларын жасауға болады. Балдардың жұмыстарында көбінесе стектер қолданады. Оның ұзындығы 10-12 см. Стектің ұш үшкірбіз және күрекше формада болып келеді. Стек арқылы артық пластмассалы материалды алып тастауға қоладанды. Сонымен бірге саусақ жетпейтін бөліктерін реттеуге де қолданады. Мүсіндеу жұмысына тағы тақтайша қажет етеді. Оның өлшемі 20-30 болу керек..оның беті грунтталған және жылтыр болғаны орынды. Күрделі жұмыстар орындалғанда шүберек және ыдыста су құйылып дайындалуы қажет. әралуан формадағы бұйымдар жасағанда төмендегі деформациялау процесстері қажет болады: илеу, жалпақтау, иіру, шымшылау, созу, тегістеу, басу және т.б.. Домалақтап илеу - формасыз пластилин материалға жылтыр бетті шар тәріздес форма беру. Илеу – цилиндар сияқты және жұмыртқа тәріздес форма беру. Мүсіндеу – шарик формалы пластилинді сыға отырып жазық формалы дене беру. Шымшылау процессінде беттің үстіне саусақтың ұшымен сыға отырып ұсақ жазық бет беру. Аздап сыға отырып созу – созу болады. Бетін тегістеу саусақпен немесе стекпен орындалады. Помидор бейнесін мүсіндеу технологиясы. Шарик тәріздес пластилинді аздап сыға отырып сыртқы беттерін ішке қарай қолмен тарту керек. Жоғарғы жағынан баса отырып терең бет беріледі. Сол бетке қуыстарды стекпен жүргізіп бөледі. Пайда болған беттерді саусақпен немесе стекпен тегістейді. Кейін помидор формасының моделімен салыстыра, кеткен қателіктерін түзете отырып жұмысты аяқтайды.