Принтірлер бүгінде Өткен ғасырларда ойланып табылған баспа технологиялары қатты өзгерген жоқ. Технологиялық процесс дамуда, дюймға шаққан нүктелер саны артуда, баспаның сапасы мен жылдамдығы жақсаруда. Бірақ принтерлер әлемінде айтарлықтай өзгерістер болып жатқан жоқ. Баспадағы соңғы төңкеріліс 80-ші жылдары болды, ол кезде үш өлшемді принтер құрастырылды. Алғашқы үш өлшемді принтерлер қондырғыларға ұқсайтын, олар ағаш немесе пластмасса бөлігінен қажетті пішіндегі затты ойып беретін, бірақ кейін «нағыз» ЗD-принтерлер пайда болды.