Сабақ жоспары № Модуль/пән атауы «Ақпараттық коммуникациялық технология негіздерін меңгеру»



бет3/4
Дата06.03.2023
өлшемі25,71 Kb.
#72181
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
01.12Принтер

Лазерлік принтірлер өткенге көз жүгіртсек, онда лазерлік баспа технологиясы матрицалық принтерлерден бұрын пайда болды. Chester Carlson 1938 жылы электрография деп аталатын баспа әдісін ойлап тапты. Бұл принцип қазіргі кездегі барлық лазерлік принтерлерде қолданылады, оның негізі келесіде: жарыққа сезімтал қабатпен жабылған алюминді түтікшеге (фотобарабан) теріс статикалық заряд беріледі. Содан кейін лазердің сәулесі фотобарабан бойымен өтіп, баспаға шығаруға тиісті жерде зарядтың жартысын түсіреді. Осыдан кейін фотобарабанға тонер жағылады (бұл шайыр қоспаларынан, полимерлерден, металл жоңқаларынан, көмір шаңдарынан және басқа химиядан тұратын құрғақ сия), ол да теріс зарядты, сондықтан лазер өтіп зарядын түсірген жерлерде барабанға жабысады. Ары қарай бәрі оңай: барабан қағаз (оң зарядтты) бойымен домаланып оған барлық тонерды қалдырады, содан соң қағаз пешке барып, жоғары температураның әсерінен тонер қағазға жабысады. Түрлі түсті кескінді басып шшығару үшін барлық түстер барабанға кезек бойынша жағылады, немесе баспа 4 рет жүреді. (қараны, көкті, күлгінді және сары түсті үшін).
Лазерлік принтерлердің кемшіліктері
 Шығын материалдарының қымбаттылығы
 Принтерде ұзақ жұмыс жасаған кезіндегі озонның түзілуі
 Электрэнергиясын улкен көлемде тұтынуы
Термиялық принтірлер
Сапасы фотографиялық кескінге жақын түрлі түсті кескінді алу үшін немесе баспа алдындағы түрлі түсті үлгі алу үшін термиялық принтерлер немесе басқаша жоғарғы классты түрлі түсті принтерлер қолданылады.
Термиялық принтірлердің баспа технологиясы
 Ерітілген бояғышты сия бүріккіш тасымалдау (термопластикалық баспа);
 Ерітілген бояғышты байланысты тасымалдау (термобалауызды баспа);
 Бояғышты термотасымалдау (сублимациялық баспа).
Дупликаторлар
Дупликатор (ризограф) – бір данадан үлкен басылымдар жасауға арналған (50 данадан бастап).
Дупликаторлардың кемшіліктері
 Толыққанды баспаға қол жеткізе алмау.
 Реңдерді беру сапасы шамамен қарапайым көшірумен бірдей.
 Бірақ рет қолданылуға жарамды шебер таспаның қымбат болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет