Тексерілді Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Тақырыбы: Тармақталу программасы. Циклді (қайталанған) программа
Мақсаты:Оқушыларға тармақталу және циклді программа жайлы түсінік беріп, программа қалай құру тәсілдерін үйретіп, меңгерту.
Түйінді идея: Тармақталу және циклді программа жайлы түсінік, программақұру тәсілдері
Күтілетін нәтиже:Оқушыларға тармақталу және циклді программа жайлы түсінік қалыптасады, программа қалай құру тәсілдерін үйреніп, меңгереді.
Ресурстар, көрнекіліктер: Электронды оқулық, оқулық, компьютер
Кезең
Оқытудың формалары, әдістері
Мұғалімнің іс әрекеті
Оқушының іс әрекеті
Ұйымдас-тыру
Жеке жұмыс
(Ауызша)
Ауызша сұрау
-Қарапайым программаның қатесін қалай тексеруге болады?
-Қатені тексеру және қадамдық әдіспен қатені тексерудің қандай айырмашылықтары бар?
-Программада қандай қателер болады?
-Қатені тексеру құралдары қай мәзірде орналасқан?
Оқушылар өздерінің жауаптарын, дұрыс жауаппен салыстырады
Үй жұмысын тексеру
"Сағат дос" әдісі
Оқушылардың өткен тақырып бойынша топқа бөлінуін қадағалайды және өткен тапсырманы қаншалықты меңгергенін анықтайды
Мұғалімнің нұсқауы бойынша топқа бөлінеді
Жана сабақ
топтық жұмыс, "Жигсо" әдісі
Тармақталу алгоритмдеріне белгілі бір шарттың орындалмауына немесе орындалуына байланысты бұйрықтар тізбегінің бірнеше тармақтарға бөлінетін тобы жатады.
Тармақталу алгоритмінде көбінде арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарттар тексеріледі. Егер ол орындалса, онда алгоритм бірінші тармақпен, ал орындалмаса, екінші тармақпен жүзеге асырылады, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдер шартты тексеру немесе тармақталу бұйрығы деп аталады. Сонымен тармақталу үдерістері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар қолданылады. Тармақталу берілген шарттың орындалуы немесе орындалмауына байланысты атқарылады. Шартты тексеру логикалық өрнектермен сипатталады. Логикалық өрнек қарапайым немесе күрделі шарт болып бөлінеді. Айнымалылар логикалың тип (Boolean) мәндерін қабылдаса, мәні ақиқат (True) немесе жалған (False) болады.
Қарапайым шарт дегеніміз – салыстыру белгісінен тұратын екі арифметикалық өрнектің бірігуі.
Күрделі шарт деп Not, And, Or операцияларынан тұратын логикалық өрнектерді айтамыз.