Мақсаты: Медиа-білім берудің тарихына қысқаша шолу.
Медиа-білімнің қоғамдағы орны.
Қазіргі таңда медианың функциялары мен қызметтері.
Түйінді идея: Оқушылардың жеке, топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сабақта СТО технологиясының әдіс тәсілдерін пайдаланып оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.
Күтілетін нәтиже:Медиа-білім туралы жәнеде медиа-білімнің қоғамдағы орны туралы мағлұматын игереді.
Ресурстар, көрнекіліктер: Электронды оқулық, оқулық, компьютер
Кезең
Оқытудың формалары, әдістері
Мұғалімнің іс әрекеті
Оқушының іс әрекеті
Ұйымдас-тыру
Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын және жүргізілу жоспарын ашу.
Мұғалімдермен амандасады. Сабаққа дайындығын көрсетеді.
Жана сабақ
топтық жұмыс, "Бірге ойлаймыз" әдісі
Қазіргі қоғамда медиасыз өмір сүру мүмкін емес болып, адамзаттың маңызды, әдеттегі және бөлінбес бір бөлшегі ретінде қалыптасты. Медианың күннен күнге емес, сағаттан сағатқа да емес, минуттан минутқа дамып, модернизациялануының куәсіміз. Медианың эволюцияланғаны соншалық, әр түрін классификациялап, әрқайсысына арнайы мамандықтар, білім бағдарламалар, оқу курстар тіпті жеке-жеке лекциялар мен сабақтар оқытылады. Медианы дәстүрлі және жаңа деп бөліп қарастыруымыз да осы процестің нәтижесі. Осы салада қазіргі таңда медианың функциялары мен қызметтері біраз өзгеріске ұшырап отыр. Мәселен түрлі контенттердің манипуляциялық, агитациялық және радикалды болуы, сонымен қатар ақпараттың жалпы аудиториялық және қолжетімді болып кетуі. Бұл аталған мысалдар тек бірі ғана, басқа да қаншамасы жеткілікті.Осы мақсатта ғалымдар медианы тұтынушы аудиторияға медиа білім беру қажеттігін және медиа сауатты болуды алға тартады. Алдымен жалпы медиа білім беру дегенімізге келсек, балалар, жасөспірімдер және ересек адамдарды казіргі ақпараттық заманның талаптарына, түрлі ақпаратты қабылдау мен анализдеу қабілетін тудырып, дамыту және адамды оны түсінуге, оның психикаға әсерін білуге үйрету, жаңа техника құралдар мен казіргі акпараттық технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасау тәсілдеріне үйрету.
Оқушылар топта бірлесе отырып талқылау жасайдыжәне қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады
Жаттығу жұмысы
топтық жұмыс
Көзге арналған жаттығуларды орындату
Топтары біріге отырып көз жаттығуларын жасайды
Қорытынды кезең
"Ақыл дос" әдісі
Сұрақ – жауап
Смайликті бір-біріне бере отырып сұрақ қояды
Бағалау
Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау
Бағалау критерийлерін өздері құрастырады
Үйге тапсырма
Үй тапсырмасын тақтаға жазу. «Техникалық қауіпсіздік ережелері» жайлы мағлұматты толықтырып, өз беттеріңше ізденіп келу;